1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда тіл жанашырлары марапатталды

    Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Тіл жанашыры» жүлдесінің иегерлерін марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, өз кезегінде мерекенің маңыздылығына тілге тиек етті.


    – Халқымыз «Тілі жоғалғанның өзі жоғалады» дейді. Бүгінде елімізде мемлекеттік тілімізге ерекше көңіл бөлінуде. Тәуелсіздік жылдарында ана тіліміздің деңгейі біраз көтерілді. Қазір біздің еліміздің тұрғындары 70 пайыз қазақ тілінде сөйлейді. Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді меңгеруі жергілікті ұлт өкілдерінің белсенділігіне тікелей байланысты. Өзіміз ең алдымен ана тілімізді құрметтей білсек, өзгелер де қадірлейді.

    Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында жариялаған Жолдауында мемлекеттік тілді қолдау бұрынғыша қала беретінін, тіл саясатының маңызға ие екенін айтып өтті. Қазақ тілінің мерейі өссе, ұлт мерейі өседі. Тілге құрмет отбасынан, балабақшадан басталып, оқу орындарынан жалғасын табуы тиіс. Өз ана тіліңнен бөлек, өзге тілді білудің де маңызы–өте зор. Ресми тіл саналған орыс тілі Біріккен Ұлттар ұйымындағы негізгі 6 тілдің қатарында. Ағылшын тілін білсең, әлем халықтарымен еркін сөйлесесің. Жастарымыз өз алдына бірнеше тіл білу туралы мақсат қойса, оның жемісін өздері көреді,-дей келе Бердібек Сапарбаев облыс әкімінің «Тіл жанашыры» жүлдесінің түрлі аталымдар бойынша марапатын иелеріне табыстады.

    Атап айтқанда, «Тіл майталманы» аталымы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі Күлзинат Қарымбаева, «Тіл мерейі» аталымы бойынша Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімі №32 орта мектебі директорының орынбасары, украин ұлтының өкілі Тарас Леоненко, «Тіл шебері» аталымы бойынша Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі, облыстық , республикалық тіл байқауларының жеңімпазы, дүнген ұлтының өкілі Нұрзада Даутова, «Тіл-қазына» аталымы бойынша облыстық «Тілдерді оқыту» орталығының аға әдіскері, мемлекеттік тілді оқыту әдістемелік құралдарының авторы Шынар Бахытбекқызы, «Тіл тірегі» аталымы бойынша Халықаралық Тараз инновациялық институтының имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс секторының жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі Бақтияр Бекназаров, «Тіл сақшысы» аталымы бойынша Тараз қаласы, Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің қоғамдық қызметкері, «Жаңа-Ру» үкіметтік емес ұйымының еріктісі Жандос Байкөбеков марапатталып, әрқайсысы 300 мың теңге көлемінде сыйлыққа ие болды.

    Жиында тіл жанашырлары Күлзинат Қарымбаева мен Тарас Леоненко сөз сөйлеп, тілге қамқор кісілерге қолдау білдіргені үшін облыс әкіміне алғыс айтты. Іс-шараны облыс әкімі қорытындылап, мемлекеттік тілге, жалпы тілдерді дамытуға деген белсенді жұмыстар алдағы уақыттарда да жүзеге аса беретінін жеткізді.

    қатысты посттар

    Бұқтырмада қысқартуға ұшыраған бірде –бір адам жұмыссыз қалмайды 

    ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ 7 АЙДА 8 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ ҚОРҒАСЫН ЗАУЫТЫНЫҢ ҚАЛДЫҚТАРЫН ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.