Суббота, 27 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Ауғанстанда құқығын сақтауды талап еткен әйелдер наразылыққа шықты

    Ауғанстанның Герат қаласында 70-ке жуық әйел наразылық білдіріп, ел билігіне жаңадан келген «Талибан» қозғалысының басшылығынан (Қазақстанда тыйым салынған) әйелдер құқығын сақтауды талап етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq ryhy порталына сілтеме жасап.

    Митингке шыққан әйелдердің лидері Фрибе Кабрзани әйелдердің жаңа үкімет құруға атсалысуға мүмкіндігі болуы керек екенін айтты. Оның айтуынша, елдің соңғы 20 жыл ішінде жеткен жетістіктеріне ауған әйелдері айтарлықтай үлесін қосып, құрбандыққа көп барған.

    «Бізді әлем естісе дейміз, өз құқығымызды сақтағымыз келеді», — деді митингті ұйымдастырған Фрибе Кабрзани.

    Оның айтуынша, әйелдердің көбі өлтіреді деп қорыққаннан наразылыққа шықпаған.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    «100 миллионнан асады»: Арыс тұрғыны шығынын өтеуді талап етуде

    Қордай маңында автобус жол апатына ұшырады: 11 адам қаза тапты

    Таразда көпқабатты үйде болған жарылыстан қаза тапқандардың саны артты (видео)

    Пікір қалдыру

    15 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.