-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Байзақтағы жарылыс: Із-түссіз жоғалған әскери бөлімше жауынгері тауға кетіп қалған болуы мүмкін

    Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде бір жауынгер бой тасалап тауға кетіп қалған болуы мүмкін. Тауды бетке алып бара жатқан әскери формадағы адамды жақын маңда қой бағып жүрген шопан көріпті. Ақпаратты Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев Aibat жаңалықтар қызметінің тілшісіне берген сұхбатында растаған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Із-түссіз жоғалған әскери бөлімшенің 34 жастағы жауынгері Бауыржан Дәуітбаевты іздеуге жүз адам жұмылған. Атқамінерлердің сөзінше, жауынгер контузия алып, есін білмеуі мүмкін. Бауыржан Дәуітбаев әскери бөлімшенің өрт сөндіру жасағына жетекшілік етіп, алдыңғы шепте болған. Ешқайда бұрылмастан тау жоталап жоғары кете барған әскери шопанның шақырғанына елең етпеген.

    «Мәлімет түскен болатын, бір кісі сыртта әскери форма киіп, құлағын жауып тауға қарай жүрген. Соған байланысты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев.

    Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 100-ге жуық адам жараланып, 15 адам қайтыс болды.

    қатысты посттар

    Оралда 28 жастағы әйел бір айлық сәбиін сатып жіберген

    Фариза

    Қаланың қақ ортасында атыс болып, 8 адам қаза тапты

    Түркістан облысында тағы да апат: Тасқын су үй аулаларын басып, тұрғындар эвакуациялануда (сурет, видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.