-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық Қоғам Оқиға

    «Тіл тигізгендер заң алдында жауап береді». Қабатовтың жұбайы қызына қатысты пікір білдірді

    Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы, MM мектебінің директоры Мөлдір Мұқанова қызы Әдемі Аманғалиге қатысты пікір білдіріп, ақ-қарасын дәлелмен ажыратып, халық алдында есеп беретінін жазды. Автордың айтуынша, ол үшін уақыт қажет, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq ryhy порталына сілтеме жасап

    «Өмірде жалған жала арқалағаннан асқан сорақылық жоқ екен. Дәл қазір менің ана жүрегім қас айырылып жүр. Өзіміздің қазақ бауырларымыздың бізді «халық жауы» етіп көрсетуге сонша талпынып жатқаны күйіндіреді. Ашық тұрған жарамызға тұз сеуіп, бізбен қоса баламызды ащы сөз, жалған ақпаратпен тұншықтырып жатқан әлеуметтік желі белсенділеріне налимын. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», деп Абай бабамыз келтірген жолдар қай кезде де өзекті. Қазақты жығып беретін, жығылған кезде жұдырық беретін де өз қазағымыз… Өте өкінішті!», — деп жазды Мөлдір Мұқанова.

    Биыл мектеп бітірген Әдемі Аманғалидің анасы қызына тіл тигізгендердің бәрі заң алдында жауап беретінін айтты.

    «Халық алдында ұпай жинау үшін, охват пен лайк санын көтеру үшін теріс ақпарат таратқан, жеке бастың құқығын таптаған, бойжеткенге тіл тигізген әр блогер, жазушы, желі белсендісі заң алдында жауапсыз қалмайды.

    Өмірге өкпелі адамдар өзгелерді сөккісі келеді де отырады… Алла олардың балаларына жар болсын!

    Руханиятқа бет бұрып, өмірден «мән» іздегендер өзгенің баласына ауыр сөз айтпас еді», — деп түйіндеді сөзін.

    Еске салайық, 15 тамызда Абзал Құспан есімді заңгер танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Аманғалидың орнына ҰБТ-да тест тапсыруға басқа адам кіргенін жазды. Оның айтуынша, 13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тестілеуге ЕНУ-дың 2 курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 66 адамға жетті

    Фариза

    Түркістан облысында Той жасаған тұрғындар жауапқа тартылды

    Фариза

    «Дәретхана мен қыздар жуынатын жерді камерадан қарап отырған» Павлодар облысында сұмдық жайттың беті ашылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.