Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Тойханаларды спорт мекемелеріне айналдырып жіберейік – депутат

    Мәжілістегі «Ак жол» ҚДП фракциясының депутаты Б. Дүйсенбинов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

    «Ақ жол» фракциясының депутаттары өңірлерде кәсіпкерлермен кездесу барысында бірқатар мәселелерді талқылаған екен. Солардың ішінде рестораторлармен карантиндік шектеулерге қатысты мәселе қызу пікірталас туғызыпты. Осы бизнестің өкілдері отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды алып тастауды талап ете отырып, өз тарапынан ұсыныстар пакетін де дайындап қойған: мысалы, қызметкерлерді 100 пайыз вакцинациялау, «Ashyq» жүйесін қолдану, үй-жайларды дезинфекциялау, келушілер толымдылығын 30-50 пайыздан асырмау, бір келушіге 4 шаршы метрден кем болмауы және тағы басқалары.

    Олардың айтуынша, пандемияның алғашқы күндерінен бастап, өздері карантиндік шараларға белсенді түрде ықпал еткен, жұмыстарын тоқтатып, жұмыссыз қалған қызметкерлерге жинақтарынан жалақы төлеп, ауруханаларға қажетті жабдықтар мен жеке қорғану құралдарын сатып алуға көмектесіп, бүгінде де мұқтаж адамдарға дәрі-дәрмекпен, азық-түлікпен көмектесуді жалғастыруда.

    Кәсіпкерлердің жинаған қорлары да, шыдамдары да таусылуда. Күнделікті тұрмыс-тіршілік шығындарына қоса, шектеулерге байланысты жұмыссыз бос тұрған ғимараттардың коммуналдық төлемдері, оны қарап, күзетуге кететін төлемдер кәсіпкерлерге жығылғанның үстіне жұдырық болып отыр. Соңғы екі жыл бойы бұл жағдайдың өзгеретін түрі жоқ.

    Өкінішке қарай, вирус өміріміздің тұрақты факторына айналуда. Ал өмір жалғасуда: жастар отбасын құрады, адамдар туылады және қайтады. Біздің халқымыз қызығын да, қайғысын да жақынымен бірге бөліскен еді. Ал бүгінде азаматтарымыз кең ғимараттарда сақтық шараларын сақтай отырып өткізетін отбасылық шараларды антисанитарлық тар жерлерде тығылып өткізуге мәжбүр болуда.

    Отбасылық шараларды өткізуге рұқсат бермеу, шын мәнінде, індеттің таралуын тоқтатуға еш әсер етіп отырған жоқ. Шектеу шаралары көзбояушылыққа, індетпен күрестің бейшара көрінісіне, коррупцияға айналды. Ресми түрде шектеу болғанымен, іс жүзінде жанұялық шаралар мен той жиындар пәтерлерде, жеке үйлер мен көзден таса кафелерде өтіп жатыр.

    Оның үстіне, өңірлерде шенеуніктерге жақындығы бар немесе «қажет жерде» құнын төлеген мейрамханалар тәулік бойы ешқандай шектеусіз, қонақтар санына қарамай жұмыс істейтіндігі де ешқандай да құпия емес. Сондай-ақ, қоғамдық көліктердегі иінтірескен адамдар мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ұзынсонар кезектерді көргенде қандай санитарлық нормалар туралы айтуға болады?!

    Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Ақ жол» фракциясының депутаттары Үкіметке осы мәселені жедел қарастырып, шұғыл шешім қабылдау мақсатында бірнеше баламалы жобалар:

    1) отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынатын болса, онда бүгінде шектеудің нәтижесінде қаңырап бос тұрған ғимараттарды одан әрі пайдалану, оларды жаңа мақсатқа бейімдеуге мектептер, ауруханалар, спорт мекемелеріне айналдырып, қайта жабдықтауға көмектесуді;

    2) егер отбасылық шаралар өткізуге рұқсат етілген жағдайда, дағдарыстан шығаруға қауқарлы, қажетті, әрі кәсіпкерлерге түсінікті, әділ шараларды қарастыра отырып, шектеуден реттеуге көшіп, бизнес объектілерін қайта жандандыруды және рестораторлардың карантиндік талаптарды орындау мақсатында әзірлеген ұсыныстар пакетін қарастыруды;

    3) індетті форс-мажор ретінде ресми түрде мойындап, тоқтап тұрған шағын және орта бизнес объектілері бойынша коммуналдық төлемдерге, мүлік салығына жұмсалатын басқа да шығындарды өтеуді ұсынады.

    Қорыта айтқанда, Үкіметке осы сала бойынша дәл қазір нақты шешім қабылдайтын уақыт келді. Кешігетін болсақ, осы саланың ел экономикасында болу не болмау мәселесі туындауы сөзсіз.

    қатысты посттар

    Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізді деген айыппен қамауға алынған Арман Хасеновты 3 жылға бас бостандығынан айырды

    Фариза

    Несиелер мен микрокредиттерді уақытылы төлемегені үшін төтенше жағдай кезінде айыппұл салынбайды

    Фариза

    «Жеке мүддені қорғаштайды». Кәсіпкерлер облыс әкімі Даниал Ахметовті сөкті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.