-6.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталды

    Байзақ ауданында орын алған оқиға байланысты құрылған облыстық жедел штабтың жұмысы жалғасуда. Штаб мүшелері ғылыми-зерттеу қызметкерлерімен бірге іргедегі 3 елді мекендегі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды түгелдей зерттеді. Қазіргі таңда жөндеуді қажет ететін 118 жылжымайтын мүлік анықталса, оның 106-сы тұрғын үй, 12-сі коммерциялық нысан. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында жан-жақты тоқталды.

    Анықталған 106 тұрғын үйдің 35-сі күрделі жөндеуден өтетін болса, қалған 71-і жеңіл зақымдалған, олар да қалпына келтіріледі. Барлық жұмыстарға Үкімет тарапынан қаралатын және қосымша жергілікті бюджет, өңірдегі демеушілер қаражаттары жұмсалады.

    — Бүгін бір үйдің күрделі жөндеу жұмыстары басталса, қалған үйлер бойынша құрылысшылар ертеңнен бастап іске кіріседі. Екі айдың ішінде барлық үйлерді қалпына келтіреміз деп өзімізге міндеттеме алып отырмыз. Оған біздің мүмкіндігіміз де, құрылысшылар күші де жеткілікті,-деді облыс әкімі.

    Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен құрылған Үкіметтік комиссия төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр бұған дейін оқиға орнына келіп, мән-жаймен жан-жақты танысқан болатын. Комиссия мүшелері, арнайы мамандар келген шығын көлемін анықтау және нақтылау бойынша тиісті жұмыстарды жүзеге асыруда.

    — Әлеуметтік нысандарға қатысты тоқталсақ, 3 мектепке зақым келген. Әсіресе, қатты зардап шеккені – Жібек Жолы  ауылындағы білім ордасы. 118 бала оқитын білім мекемесінің іргесі 1956 жылы қаланған. Ескі мектептің орнына жаңа ғимарат салуға шешім қабылданды. Ауыл халқы санының өсімі ескеріліп, Үкіметке 150 орындық жаңа мектептің құрылысы бойынша ұсыныс жолдаймыз. Салынатын жер белгіленді, құжаттары барынша қысқа уақытта дайындалады. Жеңіл зақымдалған Үшбұлақ мен Базарбай ауылдарындағы мектептер демеушілер есебінен қалыпқа келтірілуде. Олар бірінші қыркүйекке дейін дайын болады. Дәл сондай бір медициналық пункт те бір апта ішінде толығымен жөнделеді,-деді Б. Сапарбаев.

    Облыс әкімінің айтуынша, темір жол, автожолдар қалыпты режимде жұмыс жасауда. Тұрғындардың барлығы үйлеріне оралған. Үйлері күрделі жөндеуден өтетін Қайнар ауылының тұрғындары уақытша баспанамен, азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.

    Қазіргі таңда Тараз қалалық орталық ауруханада 28 науқас ем алуда. Оның 4-інің жағдайы орташа ауыр. Оларға  қажетті барлық медициналық көмектер көрсетілуде. Өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрі-дәрмектер мен дәрігерлер жеткілікті.

    Жалпы, медициналық көмекке жүгінген түрлі деңгейде жарақат алған 98 адамның ішінде қарапайым тұрғындар жоқ, барлығы әскерилер мен төтенше жағдай саласының қызметкерлері.

    Қазіргі таңда хабарсыз кеткендер іздестірілуде. Облыс әкімі олардың ата-аналары мен туған-туысқандарымен кездесіп, тиісті түсіндірме берді. Іздеу жұмыстарына әскерилер, ТЖД мамандары, кинологтар, тиісті мамандар, қызметтік иттер, атты адамдар жұмылдырылған. Арнайы дрон құрылғысының мүмкіндігі де барынша пайдаланылуда.  Қазіргі таңда 180 адам, 40 шақты техника жұмыс жасауда.

    — Бүгінгі таңда өрт, жарылыс толығымен тоқтады. Қауіп жоқ. Зерттеу жұмыстары жүргізілуде,- деп түйіндеді аймақ басшысы.

    қатысты посттар

    Шымкент: Табиғи газ тапшылығын толық жою үшін ірі жоба іске асырылуда

    Фариза

    Жамбылдық құрылысшылар марапатталды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.