-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Жарылыс салдарынан қаза тапқан әскери прокурор тірі болғанда бүгін туған күнін атап өтер еді

    Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасында болған өрттен қаза болған Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры Арман Қапезов тірі болғанда бүгін туған күнін атап өтер еді. Бұл туралы марқұмның достары Facebook әлеуметтік желісінде бөлісті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған өрт туралы хабар жетісімен, оқиғаның нағыз ошағына алғашқылардың бірі болып жеткен ол адам шығынын болдырмас үшін жанталас кезінде өзі өлім құшты. Ол өз ісімен бізге Отан алдындағы борышын өтеген, антқа адал нағыз прокурордың, офицердің үлгісі екенін танытып кетті. Айналамызда борышын орындау үшін өз өмірін беруге дайын осындай адал жолдастар барда біз өз қызметімізді абыроймен атқара береміз, бізге одан басқа ештеңе керек емес, — деп жазады әріптестері Facebook-те.

    Соынмен қатар, олар жарылыстан қаза болған барлық әскери қызметкерлердің қазасына көңіл айта отырып, оларды әрқашан жадында сақтайтындарын айтып өтті. Сондай-ақ балаларына баскөз болу борышымыз дейді әріптестері.

    Қазіргі таңда Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасында болған өрттің салдарынан бес әскери қызметкер қаза тауып, 90-нан аса адам зардап шегіп отыр.

    қатысты посттар

    Алматы облысында карантиндік шаралар күшейтілді

    Фариза

    Арзан Toyota Camry ала қоймақ болғандар алаяққа жем болды

    Фариза

    Министр кей азаматтардың 42 500 теңгені екінші рет неге ала алмай отырғанын түсіндірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.