24 C
Алматы
Суббота, 26 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Жамбыл облысында тағы екі жарылыс болды (видео)

    Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада тағы екі жарылыс болғаны түсірілген кадрлар жарияланды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

    Куәгерлер қараңғы батқанда тағы екі жарылыс болғанын видеоға түсіріп алған. Жарылыс кадрларын видеоның 6.18 және 10.07 минутынан көруге болады.

    Instagram-да куәгерлер оқиға орнынан түсірілген түрлі видеолар жариялап жатыр.

    Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

    Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

    Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 60-қа жеткен. Бұған дейін 32 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

    Төтенше жағдайдан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қауіпсіздік үшін жолдарға шектеу қойылғанын хабарлаған болатын.

    қатысты посттар

    «Жүрегімнен жібере алмай жүрмін…» ерлікпен қаза тапқан полицей Шалқар Ақымғалиевтің сүйіктісі жан сырын ақтарды

    Асқар Тұңғышбаевты №4 қалалық ауруханадағы әріптестері көздеріне жас алып қарсы алды (видео)

    Фариза

    Белгілі тележүргізушіні бір топ әйелдің не үшін соққыға жыққаны белгілі болды (видео)

    Пікір қалдыру

    1 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.