Пятница, 25 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Оралда студент қызды зорлаған «Индрайвер» таксиінің жүргізушісі мен танысын полиция қызметкерлері куәгер ретінде тіркеп, бостандыққа жібере салған

    Орал қаласында «Индрайвер» таксиінің жүргізушісі өз танысымен бірге жолаушы қызды зорлаған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

    3-ші курс студенті көлікке «Сити Центр» сауда орталығының маңынан мінген екен.

    Алайда қаскөйлер жолшыбай бағыттан ауытқып, қала сыртына шығып кеткен. Далада бойжеткенді ұрып-соғып, зорлап, одан кейін шаһар шетіндегі «Құс фабрикасы» ауданындағы үйлердің біріне апарып, таңға дейін күштеп ұстаған.

    Жәбірленуші үйіне жеткен бойда полиция шақырады.

    Полицейлер күдіктілерді сол күні ұстағанымен, оларды куәгер ретінде тіркеп, бостандыққа жіберіпті. Бұл туралы зорланған қыздың қорғаушысы мәлімдеді.

    Адвокат Мереке Ғабдуәлиев қылмыстың 8 тамыз күні жасалғанын, 12 тамызда алғашқы сараптама қорытындысы дайын болғанын, қыз зорлағандарды қамауға алуға жеткілікті дәлелдеме базасы болғанын айтады.

    Ал полиция департаменті толыққанды ақпарат беруден бас тартып отыр.

    Лунара Тілекқали, БҚО ПД баспасөз қызметінің маманы:

    Аталған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Міндетті түрде толық ақпарат хабарланатын болады.

    Мереке Ғабдуәлиев, адвокат:

    Енді сонымен келіспейміз. Ішкі істер департаментінің басшысына біздер жалоба жібердік. Облыстық прокуратураға жалоба жібердік сол туралы. Енді жауабын күтіп отырмыз. экспертиза тағайындалды. Бір экспертиза дайын болып отыр. Сол қыздың үстінде соққан жарақат бар деген.

    қатысты посттар

    Түркістанда анасы төрт баласымен бірге үйін өртеп жібермек болды

    Фариза

    Былтыр Қазақстанда кәмелетке толмаған 900 қыз тұрмысқа шығып кеткен

    Фариза

    Қостанай облысында білім бөлімінің бастығы асылып өлді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.