19.7 C
Алматы
Воскресенье, 24 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды

    Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

    Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, құжат қабылдау уақытының ұзартылуына талапкерлерден келіп түскен өтініш себеп болды.

    «Талапкерлеріміз үшін бұл жақсы жаңалық деп санаймын. Құжат қабылдау мерзімдерін ұзарту бойынша келіп түскен өтініштер саны ескерілді. Білім беру гранттарының иегерлеріне де, ақылы негізде оқуды жоспарлап отырғандарға да мүмкіндік берілді», — деп атап өтті Қуаныш Ерғалиев.

    Ал мұның алдында ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет еді.

    Білім гранты иегерлерінің өтінімдері eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы қабылданады.

    Ақылы негізде оқу үшін жоғары оқу орындарының виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Олардың тізімі ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.

    қатысты посттар

    Аймағамбетов мектептегі үштілділік жүйесі өзгеретінін хабарлады

    Фариза

    «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау 23 мамырда басталады

    Фариза

    Қыркүйекте елорда оқушылары мектепке орала ма — бас санитарлық дәрігер жауабы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.