-8.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қордайлық диқандар мемлекеттік бағдарламаның шарапатын сезінуде

    Соңғы жылдары елімізде белсенді түрде қолға алынып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың арқасында аудан шаруалары егіс алқаптарына тиімді технологияларды енгізіп, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға мол мүмкіндік алған. Осындай игі үрдістің нәтижесінде қордайлық диқандар жыл басынан бері бас-аяғы 103 дана заманауи техникаға, оның ішінде 49 трактор, 4 комбайнға қол жеткізді.

    Жалпы, аудан агроқұрылымдарының ауыл шаруашылығы саласына қажетті жаңа жабдық пен техника алудағы көрсеткіші жаман емес. Мәселен, өткен жылы шаруашылықтар 158 дана ауыл шаруашылығы техникасын алса, оның 51-ін лизингіге, 107-сін өз қаражатына, ал қалған 12-сін «Trade-in» бағдарламасы арқылы алып отыр.

    Айта кетсек, Ауқатты ауылдық округінен орын тепкен «Ауқаттылық» шаруа қожалығы мұндай игі бастамадан кенде емес. Бүгінде шаруашылық қарамағындағы 1100 гектар алқапта дәнді-дақыл өсіруге заманауи технологияларды қолданып, жақында машина-трактор паркін жаңартқан. Атап айтсақ, қожалық екі «Essil» комбайнын, лизингіге екі дана «Lovol» тракторы мен үш бірдей жаңбырлатып суғару қондырғысын алған. Жақын арада лизингіге алынған тағы екі трактор келеді деп күтілуде.

    Шаруашылық өкілдерінің айтуынша, заманауи тракторлар мен қондырғылардың ұтқырлығы да, сапасы да жоғары. Осының арқасында өнімділік көлемі еселей артып, жаңа техниканы тізгіндеймін деген кадрлар қатары да көбеюде.

    Дәл осылай ісін өрге домалатып, заман ағымынан қалыспай келе жатқан шаруашылықтар Қордайдың іргесіндегі Қарасу ауылдық округінде де бар. Бес мыңға жуық гектарды еншілеген «Қарасу» ШҚ егіншілікке мықтап ден қойып, соңғы бірнеше жылда машина-трактор паркін айтарлықтай жаңартқан. Бұл өзгеріс қомақты қаражатты қажет еткенімен, қазіргі таңда оң нәтижесін беріп отыр. Мысалы, өткен жылы агроқұрылымның машина-трактор паркі «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингіге алынған су жаңа «Lovol» тракторымен толықтырылды. Толықтай автоматтандырылған заманауи трактор бір дегенде бірнеше әрекетті жүргізіп, механизаторлардың қолайлы ортада жұмыс істеуіне оң септігін тигізеді. Сонымен қатар, трактордың арнайы бағдарламасына егіс алқабының электронды картасы енгізілген.

    «Расында, жаңа техника алқаптағы әр әрекетті өздігінен жасауға қауқарлы. Жер жырту, тырмалау, дән себуде біз үйренген ескі тракторларды он орап алады. Қуаты да, сапасы да жоғары. Ал, бағасына келер болсақ, бұл істе мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар мен түрлі жеңілдіктер біз үшін таптырмас көмек болып отыр. Жақында лизингіге үш дана пресс-тайлағыш алынды. Ал, бағасы қымбат техника, сөзсіз, өз құнын еселей ақтайды. Өйткені, егістіктегі өнімділік көлемі айтарлықтай артты», — дейді шаруашылық өкілдері.

    қатысты посттар

    Семейде жыл басынан бастап абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 1200-ден аса тұлға жауапқа тартылды

    Қызылорда: Сырдариялық дихандар гектарына 63 центнерден өнім алды

    Фариза

    «Рахат-Шымкент» фабрикасы жаңа желісін іске қосты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.