-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Мойынқұм ауданына газ тарту мәселесі 3-4 жылда шешіледі

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мойынқұм ауданындағы жұмыс сапары барысында пайдалануға берілгеніне жарты ғасырға жуықтап қалған №8Мойынқұм колледжінің ғимаратына арнайы барды. Білім ошағының бірінші ғимараты 2013 жылы күрделі жөндеуден өткен болса, екінші ғимараты күрделі жөндеуді қажет етуде. Бұл нысан 2014 жылдан бері пайдаланылмай тұрғандықтан жылу, жарық, су және электр желілерінен толығымен ажыратылған. Бүгінде қараусыз қалған 1460,6 шаршы метрлік ғимараттың шатырынан су ағып, қабырғалары сөгілуге шақ қалған.

    Ескі нысанды қайта қалпына келтіріп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады. Алайда, колледжге қатысты көңіл толмайтын түйткілдер бар. Мысалы колледж директоры студенттер мұнда 4 мамандық бойынша білім алатындығын айтады. Оның ішінде «Ауылшаруашылығы өндірісіндегі тракторист-машинисі» мамандығы да бар екен. Ал дәл осы ауданда айына 250 мың теңге жалақы төлеуге дайын отырған шаруа қожалық иелері үш бірдей тракторшы таппай отыр. Колледж түлектерінің 82 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты деген ақпаратқа да сену қиын. Білім ошағы ауданға қажетті мамандарды дайындауы қажет. Өкінішке орай, бұл бағыттағы жұмыстар ақсап тұр, — деді Б.Сапарбаев.

    Келесі кезекте М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде болған аймақ басшысы мектептің жаңа оқу жылына дайындығын көзбен көрді. Білім ошағының сыйымдылығы 380 оқушыға шақталса, мұнда қазір екі ауысыммен 849 оқушы білім алуда. Ең қиыны, оқушы санының жылдан жылға артуына байланысты мектеп үш ауысымда оқуға жақын. Сондықтан мектеп маңынан қосымша 120 оқушыға арналған ғимарат соғу қажеттілігі туындап отыр. Оған қоса, мектептегі асхананың сыйымдылығы да күн тәртібіндегі мәселелердің қатарында тұр. Облыс әкімі аталған мәселелердің оңды шешімін табуына атсалысатындығын жеткізді.

    Сонымен қатар аймақ басшысы Жазылбек Қуанышбаев атындағы саябақтың абаттандыру жұмыстарымен танысып, аудан қарияларымен кездесті. Басқосу барысында жергілікті тұрғындар облыс әкіміне кейінгі жылдары атқарылып жатқан қыруар жұмыстар мен ауыл халқының игілігі жолында қолға алынған бастамалары үшін ризашылықтарын білдірді. Саябақтағы Ж.Қуанышбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойған өңір басшысы данқты шопанның мерейтойы қарсаңында бірқатар іс-шаралар қолға алынып жатқанын жеткізді.

    Биыл 125 жылдығы аталып өтіп жатқан Жазылбек Қуанышбаевтың есімі облыс орталығындағы бір көшеге берілді. Сондай-ақ атақты шопанның құрметіне малшылар слетін өткізуді жоспарлап отырмыз. Өткен жылы Мойынқұм ауданының орталығына Жазылбек Қуанышбаевтың есімін беру туралы ұсыныс айтылды. Егер аудан халқы бұл ұсынысты қолдайтын болса, біздің тарапымыздан тиісті жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, Мойынқұм ауданында табиғи газдың мәселесі күрделі күйінде қалып отырғанын жақсы білемін. Бірақ бұл мәселе алдағы 3-4 жылда толығымен шешімін табады, — деді облыс әкімі.

    Өңір басшы аудандағы жұмыс сапарының соңында екі пәтерлік төрт тұрғын үйдің және Б.Момышұлы атындағы орталық стадионның құрылыс жұмыстарымен танысты. Жобалық құны 118 миллион теңгені құрайтын тұрғын үйлердің жалпы алаңы — 553,6 шаршы метр. Аудандағы аз қамтылған бірқатар отбасылар қыркүйек айында қоныс тойын тойламақ. Мойынқұм ауданында соңғы 13 жылда арнайы қаржы көздерінен бірде-бір тұрғын үй бой көтермегенін ескерсек, бұл бастама ауылдықтар үшін тамаша тарту болуда.

    қатысты посттар

    «Көне тараз күмбірі» республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсы

    ШЫМКЕНТ: ЕЛТАЙДАҒЫ БЕС ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАЛАРЫНЫҢ КІЛТІН АЛДЫ

    Фариза

    Шымкенттен 173 азамат праймеризге қатысуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.