-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жыл басынан бері вакцина алғаннан кейін 115 адам қайтыс болған

    Биыл вакцина сатып алуға бюджеттен 95,3 млрд теңге бөлінді. Бұл шамамен 10 млн-нан астам халықты вакциналауды қамтиды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингте мәлідеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Елімізде вакцина алғандардың арасында корнавирустан көз жұмғандар бар. Алайда Алексей Цой олардың үлесі аз деп сендірді.

    «Жыл басынан бері 4969 адам коронавирустан көз жұмды, олардың ішінде 115-і вакцина алған азаматтар. Олардың басым бөлігі — Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Бұл қайтыс болғандардың жалпы үлесінің 2,3 пайызын құрайды. Ал 97,7 пайыз — вакцина алмағандар. Вакцина алып қайтыс болған азаматтардың денсаулықтарында созылмалы аурулары болған. Нақтырақ — жүрек аурулары, қант диабеті, семіздік және өкпе аурулары», — деді министр.

    Еліміздің бас дәрігері вакцинаға жұмсалған қаражатты да жасырған жоқ. Сондай-ақ, екпенің бағасы арзандағанын атап өтті.

    «Биыл вакцина алуға 95,3 млрд теңге бағытталды. Бұл сомаға 10 млн 890 мың адамға екпе салынады деп жоспарланған. Спутник V вакцинасы алғашқыда 26 долларды құрады, қазір бұл баға біршама арзандаған», — деді ол.

    Алексей Цойдың айтуынша, бүгінде вакцинаның 11,1 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде бірінші компонентті 6 276 224 адам алды, бұл тиісті халықтың 63%-ын құрайды. Екінші компонентті 4 913 196 адам алды. Республикаға ҚХР өндірген Sinopharm вакцинасының 1 млн дозасы әкелінді, оның ішінде егу пункттеріне 659 400 дозасы жеткізілді. Аталған екпе түрін 38 161 адам қабылдап үлгерді.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысы цифрлық телевизияға көшуде

    Фариза

    Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бекітілді — министр

    Фариза

    Мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақының орташа мөлшері аталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.