-6.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық

    Ashyq-қа енгізу үшін 100 мың теңге. Түркістан облысында шенеунік ұсталды

    Түркістан облысында кәсіпкерлерді Ashyq қосымшасына енгізу үшін пара алған шенеунік ұсталды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, бүгінде Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

    «Аталған лауазымды тұлға COVID-19 инфекциясының таралуын тежеу бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, кәсіпкерлерден Ashyq қосымшасын енгізу үшін оң санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бергені үшін 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін пара алды», — делінген хабарламада. 

    Ведомство мәліметіне сүйенсек, күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына («Ұстап алу негіздері») сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

    қатысты посттар

    Кәрім Мәсімовтің інісіне іздеу жарияланды

    Фариза

    Пандора құжаттары: Назарбаевтың бейресми әйелі құпия келісімнен 30 млн доллар тапқан

    Фариза

    Ақтөбеде жоғары шенді полицей ұсталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.