17 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Сәкен Майғазиев қызметінен босатылды

    Шымкент қаласының мәдениет саласында бірқатар кадрлық өзгерістер жасалды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Батырғазы Серғазиев отбасылық жағдайына байланысты, өз өтініші негізінде «Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі» МКҚК директоры лауазымынан босатылды.

    Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Х.Есенованың бұйрығымен «Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі” МКҚК директорының міндетін атқарушы қызметіне Асқарова Мария Келесқызы тағайындалды.

    Сондай-ақ Сәкен Майғазиев шығармашылық жұмыстардың қарқын алуына байланысты «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директоры лауазымынан жеке өтініші бойынша өз еркімен босатылды.

    «МузАРТ» тобының мүшесі Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы болып 2020 жылдың желтоқсанында тағайындалды.

    Еске салайық, 11 тамызда Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғалары әшкереленгенін хабарлады.

    Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деген күдікке ілінген.

    Хабарламада айтылғандай, аталған тұлғалар ұсталып, Шымкент қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

    қатысты посттар

    “Мерей Заманбекқызы менің туған қызым емес” Мақпал Жүнісова тосын мәлімдеме жасады 

    Фариза

    “Ренжіме жігітім, маған қыздар ұнайды!” Нұр-Сұлтанда қыздар жалаңаштана шешініп жарысты

    “Жасарып кетіпті”: Желіде Нұрғали Нүсіпжанов пен жас әйелінің жаңа суреті тарады (фото)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.