1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Асхат Аймағамбетов: Ұстаздарды өзіне тиесілі емес жұмысқа тартқандарды қызметінен босатуға дейін барамыз

    Министр биыл педагог этикасы мен олардың құқығын қорғау бойынша кеңеске 116 өтініш келіп түскенін айтты.

    Ұстаздарды өзіне тиесілі емес жұмысқа тартқан азаматтар қатаң жазаланатын болады. Тіпті, олар қызметінен қуылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

    «Шамамен бір жарым жыл бұрын «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Көп пікірталас болды, көп нәрсе күтті. Бүгінгі таңда да бұған қатысты әртүрлі пікір айтылып жүргенін жақсы білемін. Заңның жұмыс істейтінін үлкен сеніммен айта аламын. Ол расымен де педагогтердің еңбек шартын жақсартты, жалақы көтерілді. Мұғалімдерді өзіне тиесілі емес жұмыстардан босату шаралары жүріп жатыр. Әртүрлі материалдық стимул болды. Мұнымен қатар, осы жылдың қаңтар айынан бастап барлық облыс орталығында педагог этикасы мен педагог құқығын қорғау бойынша кеңестер құрдық. Осы жылы 116 шағым келіп түсті. Бәрінен көп Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді», – деді министр.

    Әрі қарай Асхат Аймағамбетов келіп түскен шағымдардың мазмұны аса өзгермегеніне тоқталды. Яғни көбінесе ұстаздар өзін өзіне тиесілі емес жұмысқа тарту, оқушылар мен ата-аналар тарапынан көрсетілген құрметсіздік үшін шағымданған. Бұған қоса педагогтерді жөндеу жұмыстарына тарту фактілері тіркелген. Осы орайда, министр бұлай жалғаса беретін болса, ең қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.

    «Ұстаздарды күштеп жаздыру фактілері де тіркелді. Барлық факті бойынша кінәлі азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Десе де, біз бірнәрсені мойындауымыз керек – елдегі бұл Заңды қабылдағанға дейінгі жағдай мен қазіргі ситуацияда үлкен айырмашылық бар. Оларды салыстыру мүмкін емес. Әріптестеріміз, білім басқармасы басшылары, білім бөлімдері және мектеп директорларына педагог мәртебесі, оларды өзіне тиесілі емес жұмысқа тарту және есеп беруді азайту сынды мәселелердің біз үшін аса маңызды екенін айтқым келеді. Осы мәселелер үнемі біздің бақылауымызда болады. Біз ең қатаң шаралар қолданамыз. Жұмыстан шығаруға дейін барамыз», – деп қосты Асхат Аймағамбетов. 

    Еске салсақ, ұстаздар мен оқушылардың 20%-ында Covid-19 анықталса, мектептің карантинге жабылатыны туралы хабарлаған едік.

    қатысты посттар

    Ресейде қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады

    Фариза

    Аймағамбетов қандай облыстарға барған мұғалімдердің жалақысы 2 есе өсетінін айтты

    Фариза

    1 қыркүйек күні мектептерде салтанатты шаралар қалай ұйымдастырылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.