-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Қыркүйектен бастап мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді

    Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қыркүйектен бастап педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі қалай өзгеретіні және білім беру ұйымдарының директорларын тағайындаудың жаңа жүйесі қалай енгізілетіні туралы айтып берді. Министрдің айтуынша, педагогтерді жұмысқа конкурс арқылы электрондық форматта қабылдайтын болады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq ryhy порталына сілтеме жасап.

    «Көптеген пікірталастар мен талқылаулар болды. Біз сарапшылармен, әріптестермен ұзақ талқыладық, ақыры шешім қабылдадық. Егер педагогті жұмысқа қабылдауды бұрын директор жүзеге асырса, іс жүзінде жеке-дара шешім қабылдаса, енді бұл конкурс арқылы электрондық форматта жүргізілетін болады. Нақты көрсеткіштер мен критерийлер бойынша мектеп пен комиссия педагогтерді жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайды», — деді министр педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында.

    Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарының директорларын тағайындаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл балалар үйлеріне, мектептер мен колледждерге қатысты.

    «Соңғы уақытта бұл туралы көптеген сұрақтар болды. Бізде бірқатар ұйымдардың басшылары 25 және 30 жыл жұмыс істейтін жағдайлар бар. Сондықтан тағайындаудың жаңа жүйесі біздің басшыларымыздың жұмысының сапасы мен тиімділігін арттырады деп ойлаймын», — деді Асхат Аймағамбетов.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Шымкентте талапкерлердің ҰБТ тапсыру кезіндегі түсірілген бейнебақылау жазбалары министрлікке жолданады.

    Фариза

    Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

    Фариза

    Қ. Тоқаев бастамасы: Мектептерге «Домбыра» пәні енгізіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.