-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Израиль жалпыға бірдей екпені қателік деп мойындады»

    Желіде тағы да жалған ақпарат тарады. Қазақстандық пайдаланушылар Израильде вакцинацияның қателік болғанын мойындағаны туралы хабарланған Tik-Tok ролигін таратуда, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.


    Видеода бір әйел Израильдің Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы бас директоры Моше бар Симан-Товтың 103fm радиостанциясындағы сұхбатынан үзінді оқиды.

    «Біз не болатынын білмейміз, не болып жатқанын толық түсініп жатқан жоқпыз және жағдай жақсара ма, әлде одан нашарлай ма, бұған сенімді емеспіз. Біз коронавирустың ұдайы болатынын түсініп, өмір салтымызды басқаруымыз керек. Коронавируспен өмір сүруге мүмкіндік беретін саясат әзірлеу керек. Вакцина біз күткендей қорғамайды. Вакцина жалғыз құрал ретінде жеткіліксіз. Біз басқаша ойлап, қателестік. Уақыт өте келе вакциналар жақсы қорғаныс болатынына сендім. Мұндай қателік жасау – бұл заңды құқық. Бірақ оны түзету керек»

    Дәйексөзден Моше Бар Симан-Тов жалпы вакцинацияны қателік деп атамағанын көруге болады. Израильдегі қазіргі жағдайға, Дельта штамын жұқтыру жағдайларының артуына түсініктеме бере отырып, ол вакцинациядан басқа қосымша шаралар қажет екенін айтады.

    8 тамыздан бастап Израильде бірқатар шектеулер қабылданды – адамдар көп жиналатын жерлерде, тіпті ашық ауада да маска тағу режимі, министрліктер мен мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерінің 50%-ы онлайн түрде қашықтан жұмыс істеуге көшу, жеке бизнеске мүмкіндігінше үйде жұмыс істеуге ауысу ұсынылды. Сондай-ақ, оқшаулау режимін бұзушыларға және бетперде тағуға қатысты шараларды күшейту туралы шешім қабылданды.

    Ресми БАҚ-та Моше Бар Симан-Товтың басқа да дәйексөздері қолданылады, онда ол вакцинацияның пайдасы туралы айтады.

    «Вакцинаның қосқан үлесі ерекше. ( … ) Егер вакцина болмағанда, жағдай ауыр болатын еді.«

    Шілде айының соңында Израиль үшінші дозамен егуді бірінші болып бастады.

    қатысты посттар

    Шымкент көшелерінде залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

    Фариза

    «Кекілдерін қайырып, жақтарын айырамыз…» — Талғат Рысқұлбеков

    Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзартты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.