-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылға Vero Cell вакцинасының 20 мың дозасы жеткізілді

    Жамбыл облысына қытайлық «Vero Cell» вакцинасының 20 мың дозасы жеткізіліп, барлық ауданға таратылды.
    Жамбыл облысына COVID-19-ға қарсы «Vero Cell» вакцинасының 20 мың дозасы жеткізілді. Ол SARS-CoV-2, 19nCoV-CDC-Tan-HB02 штамынан жасалған.

    Вакцина Тараз қаласы мен облыс аудандарының барлық емханалары мен медициналық орталықтарына таратылды. Облыс өңірлерінде COVID-19-ға қарсы VeroСell екпесімен егу жұмыстары 2021 жылғы 17 тамыздан басталды.

    Бір күн ішінде осы вакцинаның 1 турына 100-ден астам адам егілді. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Егу жұмыстары жалғасуда.

    «Sinopharm компаниясының «Vero Cell» вакцинасы инактивті. Вакцина белсенді емес, бұл аурудың пайда болу қаупінсіз иммундық жүйені ынталандырады. Ол екі дозалы, сақтау мерзімі-24 ай. Оның ерекшелігі – жеткізу кезінде мұздатқышты қажет етпейді, +2 +8 С температурада сақталады және тасымалданады.

    Vero Cell препаратының бір дозасы 0,5 мл құрайды, вакцинаның екі дозасын (әрқайсысы 0,5 мл) 3-4 апта немесе 21-28 күн аралықпен енгізу ұсынылады. Егер екінші дозаны алу 4 аптадан ұзақ уақытқа созылса, оны мүмкіндігінше тездетіп енгізу қажет»,-делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

    Айта кетейік, Vero Cell препаратының бір дозасы – 0,5 миллилитр. Вакцинаның екі дозасын (әрқайсысы 0,5 миллилитр) 3–4 апта аралығымен (21–28 күн) енгізу ұсынылады. Аралық нәтижелер COVID-19-ға қарсы 79,3% тиімділікті және орташа және ауыр жағдайлардың алдын-алуда 100% тиімділікті көрсетеді. «Vero Cell» ДДҰ-мен мақұлданған.

    «Sinopharm вакцинасы Пекин биологиялық өнімдер институтымен әзірленген, Қазақстанда тіркелген бесінші вакцинаға айналды. Sinopharm вакцинасы қазақстандықтарға Hayat-Vax сауда атауымен белгілі. Жалғыз айырмашылық — Hayat-Vax БАӘ-де, VeroСell-Қытайда Sinopharm компаниясында шығарылады. Бұл екпені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылғы 7 мамырда қолдану үшін мақұлдады. Ол қауіпсіз және тиімді деп жіктелген алғашқы Қытай препараты, 45 елде ересектерге егуге рұқсат етілген»,-делінген басқарманың хабарламасында.

    Бүгінгі таңда аталған вакцина Қытайдан басқа, БАӘ мен Сербияда өндіруге мақұлданды. Сонымен қатар, Қытай мен БАӘ Sinopharm фармакологиялық компаниясының белсенді емес вакцинасын 3 пен 17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануды мақұлдады.

    қатысты посттар

    Мәжіліс депутаттары мегаполиске арнайы жұмыс сапарымен келді

    Фариза

    Шымкентте коронавирусқа қарсы скрининг тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Фариза

    ШҚО-да 157 жас президенттік кадр резервіне тапсырды

    Пікір қалдыру

    20 + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.