28.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Павлодар облысында әйелін өртеп жіберген ер адам қамауға алынды

    Павлодар облысында жанжал кезінде әйелін өртеп жіберген тұрғын қамауға алынды. Ер адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Полиция мәліметінше, соталды тергеу аса ауыр бап бойынша басталған.

    34 жастағы жәбірленуші бір аптадан аса уақыт реанимацияда жатты. Дәрігерлер әйелді құтқарып қалуға қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ аман алып қала алмады.

    Өкінішке қарай, 17 тамызда жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осыған байланысты, соталды тергеу ҚР ҚК-ның 107-бабынан 106-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деді Жасқайрат Қайыров. Осы баптың санкциясы 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

    Еске салайық, 9 тамызда ерлі-зайыпты арасындағы жанжал басталған. Күйеуі мас күйінде көлігімен кетуге тырысқанда әйелі оны тоқтатпақ болған. Жанжал барысында күйеуі тоңазытқыштан спирт алып жұбайына құйып, от жағып жіберген. Әйел 17 тамызда түстен кейін қайтыс болған.

    қатысты посттар

    «Қытайдың биологиялық қаруы» Коронавирус Ухань лабораториясында 2018 жылы ашылған

    Фариза

    Шымкентте зертхана қызметкерлері ереуілге шықты

    Фариза

    «Зираттан жан ұшырар айқай естіледі» Қазнетте үрей туғызатын видео тарап жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.