-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысында картоп жинау науқаны басталды

    Биылғы жылы аймақта 11 445 гектарға картоп отырғызылып, өткен жылмен салыстырғанда 281 гектарға артқан болатын.
    Қазіргі уақытта Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Сарысу аудандары мен Тараз қаласында картоп жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бүгінгі күні 59,3 мың тонна өнім жиналса, әр гектардан алынған орташа өнім 221,5 ц/га құрауда.

    Биылғы жылғы ауа райының қолайсыздығына байланысты бақша дақылын жинау жұмыстары ерте басталып отыр. Дегенмен, бұл дақылдан 260 мың тоннаға жуық өнім алынады деп болжануда, — дейді егін шаруашылығы бөлімінің басшысы Шәкір Момынқұлов.

    Облыс аудандары картоп өсіру ісін жыл санап жандандыра түсуде. Биылдың өзінде Қордай ауданында 3836 гектарға картоп ексе, Жуалы ауданы 2659 гектарға отырғызған. Ал, Меркі ауданында 1081, Байзақ ауданында 300, Жамбыл ауданы 582 гектарға осы дақыл егілген. Басқа да аудандар ауа-райы қолайлығына қарап мүмкіндігінше отырғызған.


    Атап айта кетсек, Тараз қаласымен іргелес жатқан Жамбыл ауданының шаруашылықтары картоп қазу жұмыстарына кірісті. Ауа райының құрғақ әрі жауынсыз болуынан бақша дақылын жинау екі аптаға ерте басталған.

    Жамбыл ауданының Ақбастау ауылдық округі аумағында орналасқан «Шарипов» шаруа қожалығы 80 гектар жерге картоптың ерте пісетін сұрпын еккен. Қазіргі таңда дақылды қазып, өнімдерін «Ауыл береке» базары мен Шымкент қаласына өткеруде. Тұқымдық қорды қоймаларға жинап жатыр.

    Алқапта 260-қа жуық адам өнімді теріп, қаптау үстінде. Жұмысшыларға еңбекақысы күнделікті төленеді. Қажетті техниканың бәрі бар.

    Шаруалардың жиын-терін жұмыстарымен аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы танысып қайтқан болатын:

    – Өкінішке орай, ағымдағы жылы жаңбыр аз жауды, ылғал төмен болды. Бұл шаруашылық су үнемдеу технологиясы бойынша тамшылатып суару әдісін пайдаланып, мол өнімге қол жеткізіп отыр. Қазу жұмыстары екі аптаның көлемінде аяқталады. Бүгінгі таңда біз басқа да ылғалды көп қажет ететін дақылдарға су жеткізу жұмыстарымен айналысып жатырмыз,-деді Ерлан Қыдыралыұлы.

    Жалпы, Жамбыл ауданы бойынша 5800 гектар жерге картоп егілген. Одан бөлек 8882 гектар көкөніс дақылдары отырғызылған.

    қатысты посттар

    «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында ұйымдастырылған фестивальдер өз мәресіне жетті

    Фариза

    Руxани жаңғыру: облыстық ардагерлер кеңесі – Зайсанда төрінде

    Шымкент: Маусымда 14184 адам тексеруден өткізілмек

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.