-10.1 C
Алматы
Воскресенье, 29 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    «Балалар мен жүкті әйелдерге ғана салынады». Pfizer вакцинасы туралы не білеміз?

    Қазіргі таңда 74-тен аса мемлекетке Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат берілген. 

    Бүгінде елімізде коронавирусқа қарсы қолданатын төрт түрлі вакцина бар: ресейлік «Спутник V», қазақстандық QazVac, Қытайдың Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі және Қытайдың Sinovac Biotech компаниясы жасап шығарған Coronavac.  Sinopharm мен Sinovac Biotech екпелерін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  мақұлдаған. 

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған тағы бір вакцина жуырда елімізге жеткізілмек.

    Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын тек кәмелет жасына толмаған балалар мен жүкті әйелдерге ғана салынатынын айтты.

    «Бастапқы кезеңде, қараша айында Pfizer вакцинасы балалар мен жүкті әйелдерге ғана салынады. Сондықтан иек артпай-ақ қойыңыздар. Қазір барып басқасын салдыра беріңіздер», – деген болатын министр.


    Сонымен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған екпені кімдер алуға болады?

    ДДСҰ вакцинаны әртүрлі ауыр патологиялық ауруы бар адамдар үшін қауіпсіз және тиімді деп таныды.

    Мұндай патологиялардың қатарына гипертония, қант диабеті, астма, өкпе, бауыр немесе бүйрек аурулары, сондай-ақ тұрақты және бақыланатын созылмалы жұқпалы аурулар жатады.

    Екпе белсенді емес болғандықтан, мРНҚ жасуша ядросына енбейді, тез ыдырайды және жасуша қызметіне әсер ете алмайды. Сонлықтан бала емізетін әйел вакцинациялану керек топтардың біріне жатса (мысалы, медицина қызметкері болса), екпе алуына болады. Тек екпеден кейін бала емізуіне болмайды.

    Екпе неше компоненттен тұрады?

    Бірінші компонент алған соң 12 күннен кейін қорғаныс әсері дами бастайды. Бірақ толық қорғанысты қамтамасыз ету үшін екі компонентті де алу қажет. Екі компоненттңі арасы 21-28 күн болуы керек.

    Pfizer жақын арада АҚШ билігіне коронавирустық вакцинаның үшінші (үдеткіш) дозасын қабылдау қажеттігін айтты. Зерттеушілер вакцинаның екі дозасын алғаннан соң алты айдан кейін енгізілетін үдеткіш доза 5-10 есе көп антиденелер шығаруға мүмкіндік беретінін айтады. 

    Жанама әсері бар ма?

    Екпенің жанама әсері бір күннен үш күнге дейін созылады. Көбінесе екінші дозасын алған соң қолдың ауыруы, әлсіздік (шаршау сезімі), бас ауруы, ауырсыну және дене қызуының көтерілуі жиі кездеседі. Жанама әсерлердің болғаны — вакцинаның жұмыс істеп, иммундық жүйеге әсер етіп жатқанын көрсетеді. Дей тұрғанмен, жанама әсер болмауы вакцина жұмыс істемеді дегенді білдірмейді. Вакцинаны клиникалық зерттеу барысында қатысушылардың жартысынан көбінде жанама әсерлер байқалмаған. Сондай-ақ вакцинаның бірінші дозасын алғаннан кейін екінші дозасын міндетті түрде кем дегенде 21 күннен соң алу керек. 


    Тиімділігі қандай?

    COVID-19-ға қарсы Pfizer екпесінің тиімділігін анықтау кезінде оның вирус­тан 95 пайыз қорғайтыны белгілі болды. Мұн­дай тиімділік тек алғашқы 7 күннің ішінде пайда болған. Екпе жас, этникалық топ және жыныс түрлеріне қарамастан ықпалдылығын көрсетті. Осылайша ол 65 жастан үлкен кісілерге салуға болатыны дәлелденді. 

    Pfizer вакцинасының 2021 жылы 1 миллиардтан астам дозасына АҚШ, Еуропа, Канада және Жапониядан тапсырыс берілді.

    Вирустың жаңа штамдарына төтеп бере ала ма?

    ДДҰ-ның иммундау жөніндегі сарапшыларының стратегиялық консультативтік тобы вирустың әртүрлі нұсқаларына қарсы сынақтар барысын зерттей келе вакцинаның COVID-19-дың жаңа нұсқаларына қарсы күресте тиімді екенін көрсетті. Әсіресе “дельта” нұсқасына қарсы күресте 70 пайызға дейін тиімді болатыны анықталды. 


    Басқа вакциналардан артықшылығы неде?

    Зерттеулер BioNTech компаниясы шығарған вакцинаның қытайлық Sinovac препаратына қарағанда 10 есе көп антиденелер шығаратынын анықтады.

    COVID-19-ға қарсы Pfizer екпесінде иммундық реакция тудыратын ақпараттық рибонуклеин қышқылы (иРНҚ) қолданылады. Ол болашақта организмді инфекцияның жұғуынан қорғайды. Сол себепті вакцинаны өте төмен температурада сақтау керек. Егер иРНҚ төмен температурада сақталмаса, оңай және тез ыдырайды.

    Вакцинаның негізгі ерекшелігі – минус 80 градусқа дейін өте төмен температураны қажет етеді. Сондықтан тасымалдау кезінде арнайы суытуға арналған қораптар қолданылады. Әрқайсысында үш қабатпен төселген 23 килограмм құрғақ мұз бар. Ол он күн бойы суықты қамтамасыз етеді. Әр қорап GPS спутниктік жүйесіне қосылған термосенсорлармен жабдықталады.

    Екпені салдыру қауіпсіз бе?

    ДДСҰ  Pfizer вакцинасын төтенше жағдай уақытында қолдануға болатын құралдар тізіміне 2020 жылдың 31 желтоқсанында қосты. ДДҰ осы вакцинаның сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі туралы деректерді мұқият тексерді. Сондай-ақ,16 жастан асқан адамдарға қолдануға рұқсат берді.

    Вакциналардың қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық консультативтік комитет ДСҰ-ға екпенің қандай да бір әкеп соқтыруы мүмкін болжамды оқиғаларын хабарлауды сұрайды.

    Әлемде вакцинаны алғаннан кейін 100-ге жуық адам көз жұмған. Бірақ, өлімге екпенің әсері болғаны нақтыланбағанын айта кету керек.

    2020 жылдың желтоқсанында клиникалық сынақтардың үшінші кезеңі аяқталғаннан кейін, Pfizer АҚШ пен Еуроодақ қолдануға рұқсат еткен алғашқы коронавирусқа қарсы вакцина болды. Еуроодақ елдері дереу 200 миллион дозаны және қосымша 100 миллион дозаны сатып алу туралы келісімге отырды. Ең алғаш екпені 2020 жылдың 27 желтоқсанында Германиядағы қарттар үйінде 80 жасқа келген қариялар алды.

    Pfizer препараты – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресми түрде мақұлдаған алғашқы вакцина. Ұйым 2020 жылдың 31 желтоқсанында вакцинаны ресми түрде қолдануға рұқсат етіп, зерттеулер оның қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. 

    Ұлыбритания Pfizer және BioNTech компанияларының коронавирусқа қарсы вакциналарын мақұлдаған әлемдегі алғашқы мемлекет болды. Вакцина пайдалану 2020 жылдың 7 желтоқсанынан басталып, алғашында 40 миллион астам дозаны сатып алуға өтініш берді. 

    Дереккөз: Informburo.kz

    қатысты посттар

    Ішті тегіс ететін 10 әдет

    Фариза

    Дәрігер омикронның ең алғашқы белгісін айтты

    Фариза

    Абай болыңыздар! Шетелден әкелінетін кептірілген құрмалардың қауіпті екені анықталды

    Пікір қалдыру

    five × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.