-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Спортпен жүйелі түрде айналысатын жамбылдықтардың үлесі 33,5 пайызды құрады

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланды.

    — Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасындағы көрсеткіші туралы тоқталып, кейбір кемшіліктерге назар аударып, бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Біздің облысымыздағы дене шынықтыру мен спорт саласының даму көрсеткіштері республикалық орташа көрсеткіштен жоғары қалыптасып отыр, — деді аймақ басшысы.

    Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының орындалуы туралы баяндады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындардың үлесі 33,5 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға өскен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 35 пайызға жеткізу көзделуде. Облыс бойынша 2725 спорт нысаны жұмыс жасайды.

    Қазіргі таңда барлық оқу-жаттығу жиындары карантиндік санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілуде. Спорттық шаралар ашық аспан астындағы алаңдарда өтуде.

    Өткен жылдың өзінде облыста 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 92 спорт алаңшасы салынды. Жаңа нысандарда 84 спорттық сексия ашылған. Бірақ барлық нысандар таңертеңнен кешке дейін ашық деп айта алмаймыз. Балалар демалыс күндері оларға кіре алмайды. Сонда біз бұл нысандарды кім үшін салдық? Балалар жазғы демалыстарын тиімді өткізуі керек. Олардың ойнайтын, спортпен айналысатын және демалыстарын пайдалы өткізетін орындар жеткілікті. Тек бұл бағыттағы жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру қажет, — деді Бердібек Сапарбаев аудан әкімдеріне.


    Аудан әкімдері, спорт мектептерінің директорлары жаттықтырушылардың еңбек демалысында екенін айтып, ақталды.

    Балалардың өздеріне ыңғайлы уақытта келе алатындай етіп дене шынықтыру — сауықтыру кешендерінің жұмыс кестесін жасаңыздар. Спорт, мәдениет, білім бөлімдері бірлесіп, мектептердегі акт және спорт залдары бос болмайтындай іс-шаралар жоспарын құру керек, — деп талап етті облыс әкімі.

    Нұрбол Жүнісбеков барлық ауылдық округтерді спорт нұсқаушыларымен қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру үйірмелерін ашу қажеттігін алға тартты. Аймақ басшысы аудан әкімдеріне бұл мәселелерді шешуді тапсырды. Бердібек Сапарбаев салалық басқарманың республикалық спорт федерацияларымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасау керектігіне назар аудартты.

    Бердібек Сапарбаев салалық басқарманың республикалық спорт федерацияларымен, барлық спорт мектептерімен, әсіресе ауылдық жерлермен тығыз байланыста болу керектігін атап көрсетіп, таланттардың көпшілігі сол жақтан шығатынын тілге тиек етті. Аудан әкімдері мен дене шынықтыру және спорт басқармалары демеушілерді тарта отырып, «Туған жерге тағзым», «Жомарт түлек» жобалары аясында жұмыс жасауы керек.

    Токиодағы Олимпиада ойындарына Жамбыл облысынан 5 спортшы қатысты. Жерлесіміз Елдос Сметов қола жүлдегер атанып, Қазақстанға алғашқы медальді әкелді. Оның жеңісі жүздеген болашақ чемпиондарды стадионға жетелейтініне сенімдімін. Мектептерде Елдос Сметов секілді спортшылармен кездесулер ұйымдастыру қажет, — деп түйіндеді облыс әкімі.

    қатысты посттар

    Шымкентте коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

    Фариза

    COVID-19: Шымкентте ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    Таразда «Түркі әлемі туризмінің халықаралық туризмі» атты мәдени іс-шара өтті

    Пікір қалдыру

    thirteen + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.