Пятница, 16 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ұшаққа отырған ауғандардың жаншошырлық суреті жарияланды

    Желіде адам толып отырған ұшақ бортынан сурет жарияланды, бұл ұшақ америкалық эвакуациялық әуе кемесі делінеді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Суретті Пентагонның баспасөз қауымдастығы вице-президенті Маркус Вайсгербер Тwitter желісінде жариялады. Кадр 15 тамызда кешкі уақытта түсірілгені айтылады.

    Суретте Ауғанстаннан АҚШ-қа ұшатын америкалық көлік ұшағының салоны бейнеленген. Бастапқыда адамдарды бұлайша бортқа алу жоспарланбағаны атап өтілді, бірақ елден кеткісі келетін ауғандардың ағынын тоқтату мүмкін болмапты. Нәтижесінде, Вайсгербердің айтуынша, ұшақ салонына шамамен 640 босқын жиналған.

    Еске салайық, тәліптер елдегі билікті тез басып алуына байланысты Ауғанстан астанасы Кабулда дүрбелең болып жатыр. 16 тамызда жүздеген адам елден кетуге тырысып, Кабул әуежайына жиналған.

    Кейінірек жұрт елден кетуге тырысып, ұшақтың қаптамасына жабысып жатқаны түсірілген видео пайда болды. БАҚ әуежайдағы тәртіпсіздік кезінде кем дегенде 7 адам қайтыс болды деп хабарлайды. Олардың қатарында америкалық әуе кемесінің шассиіне жармасқандар да бар.

    Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Ауғанстаннан босқындарды қабылдайды деген ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстаннан келген босқындарға қатысты шешім қабылдамағанын айтты.

    қатысты посттар

    Павлодар облысында 70-тен астам автобус жүргізушісі рөлде отырып фильм көрген

    Фариза

    Шымкенттік шенеунік әйелдер туралы жазбасынан кейін қызметінен кетті

    Фариза

    БҚО-да 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.