Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • ДенсаулықКоронавирус

    Америкалық «Novavax» вакцинасының 100 млн дозасын сатып алу жоспарланды

    Еурокомиссия коронавирус инфекциясына қарсы вакцина өндірушілермен келісім шарт жасасты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.


    Аталған келісімшартқа сәйкес, ЕО-ға мүше мемлекеттер бастапқыда америкалық «Novavax» вакцинасының 100 млн дозасын сатып алуға қауқарлы.


    2021-2023 жылдар ішінде осы препаратты Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік «қауіпсіз және тиімді» вакцина ретінде қарастырып, бекіткеннен кейін тағы 100 млн дозаға қосымша тапсырыс беру мүмкіндігі бар.
    Сондай-ақ, ЕО-ға мүше мемлекеттер вакциналарды табысы төмен және орташа елдерге бағыттай алады немесе басқа Еуропа елдеріне жібере алады. 2021 жылы дәрі-дәрмектер саласындағы еуропалық орган «Novavax» вакцинасы бойынша өз қорытындысын жасайды деп күтілуде. Американың «Novavax» компаниясы әзірлеген COVID-19-ға қарсы NVX-CoV2373 вакцинасы АҚШ пен Мексикадағы ауқымды сынақтар кезінде осы вирусқа қарсы, оның ішінде оның әртүрлі мутацияларына қарсы 90% тиімділікті көрсеткен.


    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Өскеменде полиция басқармасының басшысы коронавирустан қайтыс болды 126

    Фариза

    Қылмыс әлемінің ханшаймы туралы не білеміз?

    Денис

    Ресейлік танымал актриса туған атасының қазақ екенін жайып салды

    Денис

    Пікір қалдыру

    one × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.