-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым Жемқорлық

    Полиция Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты түсініктеме берді

    Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы үшін ҰБТ-ны басқа адам тапсырды деген ақпарат тарады деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Аzattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Полиция ақпаратына сәйкес, оқиға 13 маусым күні болған. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері ҰБТ-ға жалған құжатпен қатысқан түлектерді анықтады.

    «Тергеу кезінде жалған жеке куәлік жасаған 22 жастағы күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді полиция департаментінде.

    Ұлттық тестілеу орталығының экс-директоры Дидар Смағұлов Аzattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында бірнеше деректі айтып өтті. ҰБТ барысында тіркелген заң бұзушылықтар туралы мәліметтерді Дидар Смағұлов 15 маусымда, яғни оқиға болған күні жариялаған.

    «Мен бұл ақпаратты біз анықтаған соң бірден жарияладым. Білім және ғылым министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі ретінде мен тестілеу орталығынан кетсем де, қандай да бір сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу үшін оның жұмысына жетекшілік етуді жалғастырдым.

    Бұл жағдай 15 маусымда болды. Біз ҰТО қызметкерлері оны өз күшімізбен анықтадық. Шынымды айтсам, мен жазбаны қоғамның назарын осы жағдайға аудару, ашықтықты қамтамасыз ету, ешқандай қысым жасамау үшін жаздым. Яғни, мен сол кездің өзінде беделді адамдардың қатысы болғандықтан, қоғамның назарын аудару керек деп ойладым», — дейді Дидар Смағұлов.

    Сондай-ақ ҰТО экс-директоры Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына кірген Сымбат есімді бойжеткенге қатысты фактілерді айтып өтті.

    «Онда 4 адам болды, олардың арасында бұл қыз да болды. Төрт адамның орнына басқа адамдар кірді. Барлық 8 адам ҰБТ-ға тіркелді, яғни олар алдымен өз құжаттары бойынша, содан кейін сәйкестендірудің екінші кезеңінде, компьютердің жанында отырған адамның куәлігі тексерілген кезде, олар куәлікті өзара ауыстыруға тырысты. Әрине, бұл заң бұзушылық анықталды. Құжаттарды қолдан жасау фактісін анықтап, біз бірден полиция шақырдық. Материалдарды тәртіп сақшыларына тапсырдық», — дейді Дидар Смағұлов.

    Заң бұзушылықтар туралы мәліметтерді жариялаған адвокат Тұрсынбек Кабатовтың қызы жазадан құтылады деп қорқады. Дидар Смағұлов та мұндай пікірді жоққа шығармайды.

    «Мен мұндай мүмкіндікті жоққа шығармаймын. Мұны жариялаған адвокаттың пікірі дұрыс шығар деп ойлаймын. Мен тергеу материалдарымен таныс емеспін, бірақ тек осы адам жауапқа тартылады деген болжам бар. Яғни, осының барлығын ұйымдастырушы адам ғана жазаға тартылуы мүмкін», — дейді ол.

    Ал бұл заң бұзушылықты ұйымдастырған кісі кім деген сұраққа ҰТО экс-директоры былай жауап берді:

    «Ұйымдастырушы нарықта қызмет көрсететін білім беру орталықтарының бірінің басшысы. Тергеу өте жабық болды, тергеуші әріптестер алуға тырысқан кез келген ақпаратты беруден бас тартты. Өкінішке қарай, күдік бар (Т.Қабатовтың қызы жазадан құтылады деген – редакция). Сотта іс қандай түрде ұсынылатындығын біз әлі білмейміз, бізді куәгер ретінде сотқа шақыруды күтеміз. Өкінішке қарай, ҰТО қызметкерлерін жәбірленуші ретінде емес, куәгер ретінде ғана тартады. Біз тергеу органына бізді жәбірленуші ретінде тарту үшін бірнеше рет арыз жазған едік. Өкінішке қарай, тек куәгер ретінде қатысамыз. Яғни, бұл фактілердің жиынтығы нәтижесінде сотта мүлдем басқа сипат алып кетуі мүмкін. Бірақ біз куәгер ретінде әділеттілікті талап етеміз».

    Танымал заңгер Абзал Құспанның мәліметінше, сатирик Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Аманғалидың орнына ҰБТ-да тест тапсыруға басқа адам кірген. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында жазды.

    А.Құспан аталған ақпаратты сенімді дереккөзден алғанын айтып отыр. Тіпті, қылмыстық іс те қозғалыпты.

    «13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тестілеуге ЕНУ-дың 2 курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан. Алдында Тұрсынбектің қызы сәуір, мамыр айларында бірнеше рет тест тапсырып, төмен балл (60 балға жетпеген) жинаған. Қызы астанадағы ең үздік деп танылған мектепті Алтын белгіге бітірген. Тестілеуге кіру барысында барлық тестіленушілер, Тұрсынбектің қызының орнына басқа тұлғаның жалған құжатпен кіргеніне куә болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды, алайда Тұрсынбектің қызы құтылып кетеді деп отырмыз. Өйткені жалған құжатты дайындаған адамды ғана кінәлі деп танып отыр», — делінген заңгердің парақшасындағы жазбада.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Шымкентте ҰБТ өтетін жоғарғы оқу орындарының дайындығы пысықталуда

    Фариза

    Таразда «Қауіпсіз мектеп» пилоттық жобасы жүзеге асуда

    Фариза

    Назарбаев мектептерінде тегін оқуға құжат 26 ақпанға дейін қабылданады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.