-8.1 C
Алматы
Суббота, 28 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Жамбылдық дәрігерлер КВИ науқастарына дұрыс тыныс алу жаттығуларын үйретуде


     
    Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері коронавирустық инфекциямен түскен науқастарды емдеумен қатар,  тыныс алу және дене жаттығуларын жасап үйретуде.


    Тыныс жаттығулары – өкпенің кең және терең тыныс алуына көмектеседі. Оның бұлшықеттерінің қатаюына жәрдем береді. Сондықтан коронавируспен ауырған адам қимылдамай жата бермей, егер жағдайы күрделі болмаса, қарапайым жаттығуларды күнде жүйелі түрде жасап, өкпенің өздігінше тыныс алуына  мүмкіндік беруге тырысуы қажет. Бұл туралы Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігері, тәжірибелі ревматолог Бағлан Тапаева айтып берді.


    «Вирусты жұқтырған адамның айығуға әрекет жасауы, алдымен өзінен басталуы тиіс. Егер ол белсенді болатын болса және дәрігердің айтқан нұсқамаларын уақытылы орындаса, сондай-ақ көбірек қимылдаса, ағзасына тромб жиналмайды. Сондықтан, көп қимылдайтындар тез жазылады»,-деген Бағлан Маратқызы науқастардың тиісті емін алып болғанын қадағалап, жағдайы көтеретіндерін дәлізге, қалғандарын палатада тыныс алу жаттығуларын жасауға үйретуде.
    Айта кетейік, ағымдағы жылдың 26 шілдесінде инфекциялық стационар ретінде ашылған ауруханада бүгінде 272 адам ем қабылдауда. 330 төсекке арналған бөлімшеден бүгінге дейін 260 жазылып шыққан. Қалғандары емдерін жалғастыруда.
     Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, облыс қызыл аймақта. Ауруханалардың  төсек-орынмен қамтылу 63% құрады.Бүгінгі таңда  2259 науқас ауруханаға жатқызылды.
    Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қалалары мен аудандарында байқалады. Жұқтырудың негізгі ықтимал орындары, ол  отбасы мүшелерінің базарларға, сауда объектілеріне баруы (сауда және ойын -сауық орталықтары, ТД, дүкендер, дәріханалар), қоғамдық көлікті жиі пайдалану және отбасылық іс -шаралар (той, құдалықтар және басқалары) инфекцияның ықтимал орындары болып табылады.
    Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияның таралуының негізгі себептері ретінде халықтың қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамауы деп атауға болады. Бұл орайда ең алдымен, адамдар көп шоғырланған жерлерде бетпердені дұрыс кию, әлеуметтік қашықтықты ұстанып, сақтауға айрықша ден қойылмайтындығы өзекті күйінде қалып отыр. Қорыта айтқанда, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген алгоритмдердің орындалмауы дерттің өрши түсуінің негізгі себептерінің біріне айналуда. Осы тұрғыла карантин талаптарының сақталуы бойынша облыс аумағын 38 бақылау топтары жұмыс жасауда.

    қатысты посттар

    Алматыда вакцина салдырғандар арасында БАӘ-ге жолдама ойнатылады

    Фариза

    Нұр-Сұлтанда 13 жастағы қыз жыныстық жолмен ВИЧ жұқтырған

    Біздің министрлер халықтың бәрін өздері секілді баршылықта тұрады деп ойлай ма?

    Пікір қалдыру

    two × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.