Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Жамбылда  18 компьютерлік томография аппараты жұмыс істеуде


     
    Жамбыл облысында барлығы  18 компьютерлік томография аппараты жұмыс істеуде, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.
    Жамбыл облысы аумағында жұмыс жасап тұрған барлық 18  компьтерлік томография аппараты – қазіргі заман талабына сай, инновациялық-сандық үлгідегі заманауи қондырғылар.


    Коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың ауру деңгейін анықтауда зор мүмкіндік беретін компьютерлік томография құрылғыларының 8-і мемлекеттік,  10-ы  — жекеменшік медициналық орталықтарда орналасқан.


    Жақында ғана бұған дейін болмаған Қордай және Талас аудандарына да осындай заманауи қойылды.  Орта есеппен 1 аппарат тәулігіне 96 науқасты түсіре алса, ал 18-і 1728 адамды қарауға қауқары бар. Алдағы уақытта медициналық мекемелерге қосымша тағы 4  құрылғыны алу жоспарлануда екен. Бұл туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
    «Халыққа компьютерлік томографиядан өту үшін алдыңғы жылдардағыдай апта бұрын жазылып, кезек күтудің немесе шалғай ауылдық елді мекеннен қала орталығына сабылып келудің қажеті шамалы. Бүгінде барлық емдеу мекемелерінде бар құрылғалар халыққа тәулік бойы, үздіксіз қызмет көрсетуде. Жеңілдік санатындағы адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркеуде тұрған адамдар тегін тексеруден өте алады. Сондай-ақ,  келісімшартқа отырған кез-келген емдеу мекемесінің жолдамасымен барған пациенттер де тегін диагностикадан өтуге құқылы»,-делінген хабарламада.
    Жалпы айта кетейік, Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқынды жалғасуда. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап облыста 305 824 адамға вакцина салынған. Оның ішінде «QazCovid-in» – отандық вакцинасы — 8 495 адамға, сондай-ақ, 338 910 доза — «Спутник V» вакцинасының 1-ші және 239 640 доза 2-ші компоненті алынған.
    «Жалпы өсіммен 305 824 тұлға 1-ші компонентімен, оның ішінде 7 212 тұлға — отандық, 251 648 тұлға – «Спутник V», 29 911 тұлға – «Хаят Вакс» вакцинасымен және 17 000 тұлға «КоронаВак» вакцинасымен екпе алды. Екпе қабылдағандардың 6,1 пайызы медициналық қызметкерлер, 11,8 пайызы білім беру мекемелерінің қызметкерлері, 6,2 пайызы арнайы күш құрылым қызметкерлері, 2,3 пайызы мемлекеттік қызметкерлер және 73,6 пайызы басқа да тұлғалар»,- делінген басқарманың хабарламасында.
    Барлық егу жағдайларынан соң е шқандай соң асқынулар тіркелмеген.
     
     
     
     

    қатысты посттар

    Елордалық хирургтер 100-ден астам магнит жұтып қойған қызға ота жасады

    Фариза

    Ухань қаласынан Қазақстанға 83 адам келді

    Қытайлық вакцина Қазақстанда алдымен кімге салынады: Министрлік түсініктеме берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.