-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Жаңа оқу жылында жамбылдық оқушылар оқулықтармен 100 пайыз қамтылады


     
    Жамбыл облысында жаңа оқу жылында 442 мектепке 240 мыңнан аса оқушы барады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Жаңа оқу жылында 1 сыныпқа болжаммен 22 327 оқушы келеді деп күтілуде. Бүгінде 21 603 (97%) бала қабылданды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмила Бекбатырова айтып берді.


    «Облыс  мектептері оқу үдерісінде пайдаланатын жұмыс қалпындағы 52 797 дана компьютермен жабдықталған. Оның ішінде: қашықтықтан оқитын балаларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы жергілікті бюджет есебінен 4832 дана, республикалық бюджет есебінен 26 483 дана компьютерлік техника алынған»,-деді Жәмила Бекбатырова.
    Сонымен қатар, өткен жылы облыс бойынша 1 компьютерге келетін оқушылар саны 8 оқушыны құраса, ағымдағы жылы сатып алынған компьютерлік техникалар есебінен бұл көрсеткіш 4 оқушыға жеткен.
            Облыстағы барлық 442 мектеп интернет желісімен қамтамасыз етілген.  Былтыр қашықтықтан оқитын аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасының балаларын интернетпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен  20234 роутер сатып алынып, таратылған.
    «Барлық мектеп «Күнделік» ақпараттық жүйесіне қосылған. 2022-2023 оқу жылына оқулықтар мен  оқу-әдістемелік  кешендерді және қосымша оқу құралдарын сатып алу үшін  3,1 млрд. теңге қаржы бөлінді. Жаңа оқу жылында оқушылар оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. Бүгінгі күні оқулықтарды баспадан тасымалдау жұмыстары басталған десек, ол 15 тамызға дейін аяқталады деп күтілуде»,-деді спикер.

              Білім мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты мәселе. Осы мақсатта облыстағы мектептер мен балабақшаларда 100 пайыз бейнебақылау камералары орнатылыпты.
    Облыстағы 442  мектептің  47-де турникеттер және Тараз қаласындағы 18 мектепте дабыл түймесі орнатылған. Сондай-ақ, 42 мектепке дабыл түймесі ғимараттың кіреберісіне жаңадан орнатылады, оған 10 млн. 462 мың теңге қаржы қаралған.
           Мектептерде қауіпсіздік ережелері бекітіліп, онда мектепке келушілерді тіркеу, қабылдау, шығарып салу регламенті айқындалған. Ата-аналар және бөгде адамдар білім нысанына кіру кезінде вахта қызметінде міндеті түрде тіркеледі.
              Жалпы облыс мектептерінде 795 вахтер, 1366 мектеп қарауылдары жұмыс істеуде, барлық мектептерде мамандандырылған күзетті ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылуда. Мектептер 100 пайыз ғимарат ішіндегі әжетханалармен қамтамасыз етілген.
               

    қатысты посттар

    Таразда «Қауіпсіз мектеп» пилоттық жобасы жүзеге асуда

    Фариза

    Аймағамбетов мектептегі үштілділік жүйесі өзгеретінін хабарлады

    Фариза

    Шымкентте ҰБТ-ның бірінші күні 500-ден астам оқушы тест тапсырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.