-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Талас ауданында алғаш рет компьютерлік томография кабинеті ашылды

    Кабинетте заманауи жоғарғы технологиялық 80-кескінді компьютерлік томограф (КТ) орнатылған. 80 — кескінді компьютерлік томограф барлық органдар мен жүйелерді тексеруге мүмкіндік беретін тексерулердің жоғары сапасын қамтамассыз ететін озық технологиялары бар аппарат болып табылады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Кабинеттің арнайы ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Р.Қырықбаев, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы М.Отыншиев қатысты. Сондай-ақ, оларға кабинеттің жұмыс жасау жоспары мен онда орнатылған құрылғылар туралы мәлімет берілді.

    «Біз пандемия кезінде коронавирустық пневмония диагнозын қоюдың ең сенімді және негізгі әдісі болып табылатын компьютерлік томография екендігіне көз жеткіздік. КТ бұдан бөлек диагноздың дәлдігі мен сипатын нақтылайтын заманауи құрылғы. Кабинетте орталығымыздың білікті ренгентлаборанты жұмыс жасайды. Ал, қорытынды диагнозды дәрігерлер онлайн түрде беріп отырады. КТ -ға міндетті әлеуметтік сақтандыруы (МӘМС) бар азаматтар дәрігердің жолдамасымен тегін, ал жарна төлемейтін азаматтар 10 мың теңге көлемінде ақы төлеу арқылы томографияға түсе алады. Зейнеткерлер мен балаларға, әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға 10 пайыздық жеңілдік бар. Сонымен қатар, мамандар экстрендік жағдай кезінде ақысыз және уақыттың шектеуінсіз қызмет көрсетеді», — деді «Мейірім» медициналық орталығының бас дәрігері Гүлчахра Маметова.

    «Мейірім» медициналық орталығына қарасты кабинет аудандық орталық ауруханадан бөлінген 120 шаршы метр аумаққа орналастырылған және барлық қажетті жабдықпен қамтамасыз етілген.

    Ал Қаратау қаласының тұрғындары КТ-ның ауданнан ашылғанына ризашылығын білдіруде.  Біріншіден уақыт үнемдейсің, екіншіден артық шығынға ұшырамайтындығын баса айтып, игі іске мұрындық болған жандарға алғыстарын айтты.

    Айта кетейік, бұған дейін облыс орталығы Тараз қалалық №2 емханасына контрасты тексеру жүргізуге арналған «u СТ 528 компьютерлік томограф» деп аталатын 80 кескінді жаңа құрылғысы сатып алынғандығы туралы жазған болатынбыз.

    Жалпы, айта кету керек, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың өршуіне байланысты Covid-19–бен ауыратын науқастарды емдеу үшін қосымша резерв ретінде 1540 инфекциялық, оның ішінде 188 реанимациялық төсек қоры ашылып, жұмылдырылатын болады.
    Емдеу алдын алу ұйымдарында коронавирусты емдеуге қажетті дәрі – дәрмектердің 2 айлық қоры бар.

    қатысты посттар

    Қазақстандықтардың шағымдарының 70 пайызы сапасыз медициналық көмекке қатысты

    Фариза

    Тараздағы ерекше тарту немесе қос қуаныш

    «Қазақтарда медицина болған емес, кейіннен орыстардан үйренген…»

    Пікір қалдыру

    15 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.