-5.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда ауыл тұрғыны бұлақ суына 35 мың шабақ жіберіп, форель өсіруде

    Жамбылда ауыл тұрғыны бұлақ суына 35 мың шабақ жіберіп, форель өсіруде деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Осыған дейін егін егіп, диқаншылықпен айналысқан Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғыны Қанат Жұманов бұлақ суынан жиналған бассейінде 35 мың форель шабағын өсіруде. Ол жылы бассейнде өсіріліп жатқан шабақтан 30 тоннадай балық алуады межелеп отыр.

    Жуалы ауданында «Ислам» шаруа қожалығы облыста алғашқылардың бірі болып форель балығын өсірумен айналысуда. Бұл кәсіпті қолға алған кәсіпкер Қанат Жұманов Диқан ауылының сыртындағы тоғанға бассейн салып, оған форель балығының екі және бір айлық шабақтары жіберген.

    «Балық шаруашылығын қолға алғаныма үш айдың жүзі болды. Отбасылық қожалығымызды 1990 жылы құрғанбыз. Қазіргі таңда қожалықты ағам Ілияс басқаруда. Бұған дейін егін және мал шаруашылығымен айналысып келдік. Енді, міне, отбасыммен ақылдаса келіп, балық өсіруге бел будық»,- дейді кәсіпкер.

    Қанаттың бастамасына жергілікті билік те қолдау білдіріпті. Ақсай ауылдық округінің әкімдігі Диқан ауылының сыртынан жер телімін бөліп берген. Кәсіпкер ол жерге қаржы салып, бастау басына бассейін салады. Ол бассейнге шабақты Алматы облысынан әкеліп жіберіпті.

    «Балықтың жемін Алматыдан алдырамын. Ал Алматыға ол шет мемлекеттерден әкелінеді. Өзімізде арнайы жем дайындау қоры болмағандықтан осылай жұмыс істеуге мәжбүрміз. Форель — ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан оған берілетін азықтық жемнің түріне қарай бағасы да әралуан. Келісі 950 теңгеден басталып, 2 мың теңгеге дейін барады. Бір барғанда, балықтың екі-үш апталық қорегін бірақ алып келемін. Бассейннің суын 18 градустан төмен түсірмейміз. Судың тазалығы басты орында. Яғни, бассейнге келіп жатқан су бір жағынан құйылып жатса, екінші жағынан арна қуалап ағып кетеді. Осылайша су тоқтаусыз тазаланып тұрады. Шабақтар қысқа мерзімде өсіп жетілсе, күзде сатылымға шығаруға жарап қалады», — дейді Қанат Жұманов.

    Кәсіпкердің айтуынша, бұл шаруамен айналысу үшін ол қаржы ұйымдарынан 7 миллион теңге несие алыпты. Кәсібін кеңейтуді жоспарлап отырған Қанат тағы бір бассейннің құрылыс жүргізіп жатыр. Қазір онда бес адам жұмыс істеуде. Бұл бассейннің құрылысын аяқтаған соң оған 100 мың форель, 2000 бекіре шабағын әкеліп жіберуді жоспарлауда.

    Қанат өз өнімімен өз облысымызды ғана қамтып қоймай, Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына да жеткізу жоспарында бар.

    қатысты посттар

    Семейде 1885 жылғы құнды құжат таныстырылды

    Жамбылда 1 миллион тоннадан астам пияз жиналды

    Фариза

    Шымкент: Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 + eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.