-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Жаңалықтар

    Жамбылдық құрылысшылар марапатталды

    Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар. Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екендігі баршамызға аян. Құрылысшы — адамзат өркениетiнiң бастауында тұрған мамандық. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентi – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тамыз айының екiншi жексенбiсiн «Қазақстан құрылысшылары күнi» деп жариялаған болатын.


    Құрылысшылар күні мерекесіне орай Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев бірқатар ардагер құрылысшылар мен облысымыздың индустриалдық-иновациялық дамуына үлес қосып жүрген компания өкілдері мен кәсіби құрылысшыларды құттықтады. Шарада пандемиялық шектеулер барынша сақталды.

    • Құрылысшы – мәртебелі мамандық. Құрылыс индустриясы – экономиканың негізгі іргетасы. Кез келген елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты. Мемлекет басшысының қолдауымен тәуелсіздік жылдары елімізде құрылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасалуда. Отандық құрылыс индустриясы қанат жайып, құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындары көбейді. Құрылысшылардың кәсіпқойлығының арқасында жаңа үйлер, мектептер, ауруханалар, жолдар салынып жатыр. Атап айтар болсақ, өткен жылы өңірімізде 160 әлеуметтік нысан пайдалануға берілсе, биыл 207 жоба іске асырылуда. Мұның барлығы да тікелей құрылысшылардың күшімен іске асырылып жатқаны өздеріңізге белгілі.
      Бүгін Сіздерді әріптесім, облыс әкімінің орынбасары, марқұм Ұлан Жазылбек марапаттау керек еді. Ұлан Еркінұлының облысымыздың құрылыс саласына қосқан үлесі зор. Оның осы салаға, облысымызға сіңірген еңбегін ұмытпаймыз, — деді Талғат Шәриұлы.
      Бұдан кейін марапаттау рәсіміне кезек берілді. Құрылысшылар күні мерекесіне орай «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен еңбек ардагері Жанат Жұмадилдаев, «Рүстем Құрылыс» ЖШСдиректоры Айқожа Қадіров және «КА-СТРОЙ ЛТД» ЖШС жұмысшысы Мұса Таңсықбаев марапатталды. Ал «Құрметті тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметкері» төсбелгісін «Тараз көлік жолы» цех басшысы болған, бүгінде зейнеткер ардагер Жұмали Орынбаев иеленді. Сондай-ақ жиынға шақырылған өзге қатысушылар облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.
      Сала өкілдері атынан ардагер құрылысшы Рахманқұл Байтелиев сөз алып, бұл мейрам рухы мықты мамандық иелерінің мерекесі екенін атап өтіп, өздерін елеусіз қалдырмаған өңір басшылығына алғысын жеткізді.

    қатысты посттар

    Арыс қаласынан келген балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы

    Шымкент: Қаратау ауданындағы үйлердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік электр энергиясына қосылған

    Фариза

    Қызылордада суармалы жерлер қалпына келтірілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.