-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Жамбыл облысында 43 вакцинациялау пункті жұмыс жасауда

    Жамбыл облысы аумағында ағымдағы жылдың 4 тамызындағы жағдай бойынша жалпы COVID-19 індетінің 13 349 жағдайы тіркелді десек, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 1172,4 құрады. Ал пневмонияның – 6018 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Өткен тәулікте өңірде КВИ-дың 181 жағдайы, пневмонияның 17 жағдайы тіркелді. Ағымдағы жылдың 4 тамыз сағат 07:00-дегі ақпарат бойынша инфекциялық стационарларда 2 133 науқас жатыр десек, төсек орындар 61%-ға толтырылған. Сол сіл, реанимациялық төсек орындарда 176 науқас ем алу, мұндағы төсек орындар 52%-ға толтырылған. Карантиндік стационарларға 66 тұлға орналастырылға.

    «Емдеу алдын алу ұйымдарында коронавирусты емдеуге қажетті дәрі – дәрмектердің 2 айлық қоры қалыптасқан. Инфекциялық стационарлардағы науқастардың денсаулық жағдайлары тұрақты бақылауда.

    Жалпы облыс бойынша 18 жастан жоғары 582 000 адамды коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жоспарлануда, қазіргі таңда, 292 088 тұлға екпе алып, көрсеткіш 50,2 пайызды құрады. Жалпы облыс аумағында 23 МСАК ұйыдарында 43 егу пункттері бар, олардың 15 қалада, 28 аудандарда орналасқан», — деді басқарма басшысы.

    Осы жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа 16 990 доза QazCovid-in – Отандық вакцина (8 495 адамға), 301 700 доза Спутник V вакцинасының 1 компоненті және 232 400 доза 2 компоненті, 60 000 доза (30 000 адамға) Хаят Вакс вакцинасы, 34 000 доза (17 000 адамға) КоронаВак вакцинасы жеткізілген.

    «Жалпы өсіммен 292 088 тұлға 1-ші компонентімен, оның ішінде 5 627 тұлға Отандық, 239 550 тұлға Спутник V, 29 911 тұлға Хаят Вакс вакцинасымен және 17 000 тұлға КоронаВак вакцинасымен екпе алды. Нақтыраөқ тоқталсақ, 18 392 (6,3%) медицина қызметкерлері, 35 425 (12,1%) білім беру мекемелерінің қызметкерлері, 18 822 (6,4%) арнайы күш қызметкерлері, 6 727 (2,3%) мемлекеттік қызметкерлер және 212 722 (72,8%) басқа да тұлғалар. 2-ші компонентімен өсіммен 210 913 тұлғаға екпе жүргізілді. Егуден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ»,-дейді спикер.

    Бүгінгі күнге Отандық вакцинаның 2868, Хаят Вакстың 0 дозасы, Спутник V 1 компоненттің 62 150, 2 компоненттің 68 831 дозасы қалды, КоронаВактың 1 турының 0 дозасы, 2 турының – 1 917 доза қалды.

    Жалпы коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде және атқарылып жатқан іс-шаралар тұрақты бақылауда.

    қатысты посттар

    Талдықорғанда бір адамда коронавирус анықталды

    Фариза

    Ыстамбұлдан коронавирус жұқтырып келген науқастың жағдайы белгілі болды

    Фариза

    Шымкент: 2 700-ден аса дәрігер алдыңғы шепте коронавируспен күресуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.