Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Таразда 456 нысан «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді

    Таразда 456 нысан «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Жамбыл облысы орталығының қызыл аймаққа кіруіне байланысты карантиндік шектеу шаралары күшейтілуде.
    Бұл туралы Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Сәдубаев айтты. Оның сөзіне қарағанда, жыл басынан бері мұнда қауіпті індет пен пневманияға шалдыққан 6 730 науқас тіркелген. Өткен тәуліктің өзінде 186 тұрғын коронавирусқа шалдығыпты. Ал былтыр 2 260 адам вирус жұқтырса, 250 тұрғыннан өкпе дерті анықталған.
    Шілде айының өзінде Тараз қаласында 1 814 азамат сырқаттанып қалыпты, 265 адам пневманиямен ауырған. Маусым айындағы бұл көрсеткіштің алғашқысы 402 болса, кейінгісі 224 болып еді. Яғни, соңғы айда күрт көтеріліп кеткенін көріп отырмыз. Сондықтан да Тараз қаласы әкімдігі тарапынан құрылған мониторингтік топ облыс орталығында орналасқан кәсіпкерлік субъектілеріне күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізіп, жіті тексеруде. Ал мұнда 74 мейрамхана, 220 кафе, 75 супермаркет пен сауда орталығы, 645 азық-түлік дүкені, 19 базар, 63 құрылыс дүкені, 44 монша бар, — деп атап өтті Алмас Кәдірбекұлы.
    Ол соңғы үші күнде жүргізілген осындай рейдтік шаралар барысында 42 хаттама толтырылғанын мәлімдеді. Карантиндік шектеу шаралары басталғалы бері 468 әкімшілік құқық бұзушылық орын алып, бизнес өкілдері мен жекелеген азаматтарға 90 120 000 теңгенің шамасында айыппұл салынған екен. Өткен жылы барлығы 188 нысанға қатысты хаттама толтырылып, оларға 41 895 240 теңге соммасында айыппұл ілінген. Оның ішінде 17 компьютер клубы, 151 тамақтану орны, 20 тұрғын бар.
    Биылдыққа мониторингтік топ өкілдері 280 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың толтырылуына ықпал етіп, 48 224 700 теңге көлемінде айыппұл салынды. Мұның 3-уі заңды тұлғаға, 101-і жеке кәсіпкерлерге, 176-сы жеке тұлғаларға қатысты орын алды. Ауданаралық экономикалық сот 21 талап-арыз материалдарының негізінде істерді қараса, 15 нысанға қатысты шешім шықты. 4 іс-құжат қараусыз қалдырылды, 2-уін қарау тоқтатылды. Алайда, соттың шешімінде ғимаратты жабу туралы шешім болмағандықтан, кәсіпкерлер басқа тұлғаның атынан қайтадан ашып, жұмыстарын жалғастырып жатыр, — деді шенеунік.
    Сәдубаев Тараз қаласында 456 нысанның «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеу үшін QR-код алғанын жеткізді. Олардың қатарында кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану орындары, фитнес клубтар, бильярд, компютьерлік, СПА орталықтары,сұлулық салондары бар көрінеді. Бүгінге дейін дәмханаға барған, аталған қосымшада «қызыл» түс көрсетіп, ПТР-тесті оң нәтижемен шықан 42 азамат анықталыпты. Ал «сары» түсті, яғни науқас адаммен байланыста болған 68 адам тіркелген. Олар үй карантине алынған тұлғалар болып саналады, демек өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған.
    Әрине, бұл азаматтар дәмханаға кірізілген жоқ. Тиісінше, жергелікті емханаларға хабарлама жіберілді. Карантиндік режимді бұзғаны үшін 4 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Бір кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімге 5 айлық есептік көрсеткіш – 15 585 теңге көлемінде айыппұл салынса, жалпы 146 850 теңге көлемінде айыппұл ілінді, — деді Алмас Кәдірбекұлы.

    қатысты посттар

    Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

    Фариза

    Қытайда коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін екені айтылды

    Фариза

    Өскеменде полиция басқармасының басшысы коронавирустан қайтыс болды 126

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.