-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Расул Медетовтың жұмыс сапары

    Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Расул Медетов жұмыс сапарымен Жуалы ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыстарын барлады.
    Расул Махмұдұлы ең алдымен Қарасаз ауылындағы А.Пушкин атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, құрылыс барысына қанықты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.


    Жуалы ауданы әкімдігіне қарасты білім бөлімі мамандарының мәлімдеуінше, құрылысты жүргізетін жеңімпаз мердігер мекеме жақында ғана анықталып, жұмыстар енді ғана басталған екен. Ал, құрылысқа жауапты мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары төрт жарым айдың ішінде аяқталмақ. Аталған мектеп директоры Нұриддин Нұрғабылов білім беру мекемесінің жөндеу жұмыстары аяқталғанша, оқушылар Қарасаз ауылдық округі әкімінің аппараты орналасқан ғимаратта және ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында оқитынын айтады.
    Расул Медетов келесі кезекте Қарасаз ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жұмысымен танысты. Денсаулық сақтау нысанының жұмысымен және ауылдық округтегі эпидемиялогиялық ахуал туралы Жуалы аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрбай Ергебеков айтып берді. Расул Медетов өз сөзінде, саулықтың сақтықта екенін баса айтып, қауіпті індеттің алдын алу үшін тұрғындар арасында екпе салдыру жөнінен үгіт-насихат жұмыстарын көбірек жүргізу қажеттігін еске салды.
    Облыс әкімінің аппарат басшысы ауданға сапары барысында Жетітөбе ауылдық округінің орталығы Кәріқорған ауылындағы бос тұрған ғимаратты спортзал етіп жабдықтау мәселесіне қанықты. Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл ғимарат жеке азаматтан үш миллион теңгеге сатып алынған. Ендігі кезекте күрделі жөндеуді қажет етеді. Тиісті жөндеуден өткізіп, пайдалануға берілсе, ауданға қарасты таулы аймақтағы ауылдық округтегі спортқа жақын жастарға дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасалар еді деген пікірді жауапты сала мамандары алға тартып отыр.
    Расул Медетовтың ауданға жұмыс сапары Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының сервистік әкімдік қызметімен және ауылдық округтің орталығы Шақпақата ауылындағы ауызсу жүйелерінің құрылысымен танысумен жалғасын тапты.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы қолға алынды

    Фариза

    Шымкентте 3 500- ге жуық кезекші сынып ашылды

    Фариза

    Шығыс Қазақстан облысында «Толағай сұлтаны-2019» атты халықаралық спорттық-шығармашылық байқауы басталды

    Пікір қалдыру

    one × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.