4 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Атыраулық медбикелер «вакцина паспорты» үшін 100 мың теңге алып отырған

    Олар вакцинаның әр кезеңі үшін 50 мың теңгеден алған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyg ryhy порталына сілтеме жасап.

    Атырауда қаладағы емханалардың бірінде медбике болып қызмет ететін 32 және 28 жастағы азаматшалар вакцина алғаны туралы жалған ақпаратты енгізгізіп келген. Олар вакцинаның әр кезеңі үшін 50 мың теңгені, яғни екі кезеңі үшін 100 мың теңгені банктік есепшотына аударып алып отырған. Ақшасын аударған тұрғындар емханаға еркін келіп, вакцина алмай-ақ «вакцина паспортын» алып жүрген.

    Атырау облысы Полиция департаменті мен облыстық прокуратура бірлесіп жедел іс-шара жүргізу барысында медбикелердің бірі жалған ақпаратты жүйеге енгізгенін, екінші медбике құйтырқы әрекетке барып, вакцина сұйықтығын адам денесіне салмағанын анықтады.

    Қазір аталған екі күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ медбикелердің нақты қанша тұрғынға жалған вакцина паспортын жасағандығы анықталуда.

    Айта кетейік, 31 шілде күні атыраулық полицейлер жалған вакцина паспортын дайындағаны үшін тұрғындардан 10 мың теңге ақша алып келген 40 жастағы медициналық қызметкерді ұстаған болатын.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Жамбылда өкпесі 76 пайыз қабынған зейнеткер сауығып шықты    

    Фариза

    Қазақстанда дәрі-дәрмек тағы да қымбаттады

    Фариза

    Қазақстан мен Қытай шекарасы жабылды

    Пікір қалдыру

    twelve + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.