-3.1 C
Алматы
Четверг, 28 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда түлектердің демеушілігімен 2,8 млрд. теңгенің жобалары жүзеге асуда

    Түлектер тарапынан туған жерге жақсылық жасау жүйелі жүріп жатыр. Жалпы бүгінде 2,8 млрд. теңгеге 73 елді мекенде түлектер жан-жақты жобаларды жүзеге асыруда. Бұл туралыӨКҚ алаңында облыстық ішкі саясатбасқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов хабарлады.

    Сонымен қатар, брифингке облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа, «Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Меруерт Лештаева да қатысып, жүзеге асып жатқан өзге де жобалар жайында баяндады.

    Бейқұт Тілебалдыұлының айтуынша, облыста «Жомарт түлек» сайты құрылып, жұмыс істеп тұрғанын айтты. Бүгінде аталмышсайтта 164 874 түлек тіркелген. Жобашеңберінде 3 STEAM зертханасы ашылып, 3 спорт кешені салынды. Тағы осындай 4 кешеннің, 6 денсаулық сақтау нысаныныңқұрылысы жоспарлануда. Ал түлектертарапынан 2,8 млрд теңгеге жүзеге асыпжатқан 73 елді мекендегі жобалар тоқтаусызатқарылуда.

    Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеужөніндегі республикалық іс-шаралар жоспарынегізінде әр айдың белгіленген тақырыбыбойынша 12 тақырыптан тұратын облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген. Жыл басынанбері отыз жылдық аясында 3 532 іс-шара өткізілді. Оның ішінде халықаралық деңгейде – 4, республикалық деңгейде – 13, облыстықдеңгейде – 90, қалалық/аудандық дейгейде – 3412 іс-шара ұйымдастырылды.

    «Жол картасында көрсетілген 30 жобаның бүгінде 26-сы бойынша іске асыру жұмыстары басталды. 30 үйдің бүгінгі күнге 4-і (Таразқаласы — 2 үй (135 пәтер), 2 үй (90 пәтер), 30 әлеуметтік дүкеннің 29-ы (Тараз қаласы – 16, аудандарда – 13), 20 білім нысанының 1-і пайдалануға берілді. Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында 100 орындық орта мектебінің, Жамбыл ауданында Тутұғырдың құрылысыаяқталды, Тараз қаласында «Асар» мүмкіндігішектеулі жандарға арналған оңалту орталығыпайдалануға берілді. Көптеген қайырымдылықакциялар ұйымдастырылуда», — дедіБ.Жамангөзов.

    Сондай-ақ, спикер тоқталғандай өңірде«Асарлатып үй салу» жобасы сәтті жүргізілуде. Жоба аясында ағымдағы жылы облысбойынша 134 үй салу жоспарлануда. Қазіргітаңда 19 үйдің кілті тапсырылды. Жобааясында жалпы 2,3 млрд. теңгеге 233 үйсалынатын болады. Ал былтыр асарлатып салынған 99 үй берілген болатын.

    «Осы күні облыста «30 игі іс» жобасы мен «Қайырымдылық істері марафоны» жалпыұлттық жобасы сәтті іске асырылуда. Қазақстанхалқы ассамблеясының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» жобасышеңберінде жалпы 55 446 360 теңгеге 6640 адамға қайырымдылық жасалды. Сондай-ақ, жастар басқармасының қолдауымен облыстыңжастары мен еріктілері «Қайырымдылық істерімарафоны» жалпыұлттық жобасы аясында200-ге жуық іс-шара өткізіп, 2 млн. астамтеңгеге көмек көрсетілді», — деді СерікболБерікқожа.

    қатысты посттар

    Қазалыда 600 орындық Мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын

    Фариза

    Шымкентте байланыс антенналарын орнататын 11 жер телімі анықталды

    Фариза

    Шымкентте егіс алқабынан 18 мың тоннға жуық өнім жиналды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.