-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылдық бағбан өз бақшасында алманың 36, жүзімнің 30 түрін өсіруде

    Жамбыл облысы  Шу ауданының тұрғыны  Мирислам Аллахмирановтың бақшасында алманың 36 сұрпы жайқалып өсуде.  Еңбекқор бағбан бұдан бөлек  алхор мен шабдалының итальяндық және франциялық  сорттарын жерсіндіру мақсатында әрі тәжірибе үшін өсіруді де қолға алуда екен.

    Айта кетейік, осыдан 15 жыл бұрын Шу ауданы Мойынқұм ауылында 10 гектар жерге алма бағын отырғызудан бастаған «Зам – зам» шаруа қожалығының жетекшісі Мирислам Аллахмиранов қазіргі таңда бақша көлемін 40 гектарға дейін жеткізген. Оның бау-бақшасынан алма ағашының 36  түрін кездестіруге болады.

    Алқаптан өткен жылы  500 тонна алма жиналып өткерілген болса, ағымдағы жылы да ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, күтіп-баптау жұмыстарының арқасында  мол өнімге қолжеткізіледі деп күтілуде. 

    «Кез-келген жеміс сұрпының   өзіндік  ерекшеліктері бар. Ең маңыздысы олардың қысқа төзімділігі жәнеөнімділігі. Жеміс беру кезеңі қолайлы болуы қажет. Содан соң, алманың  ірілі-ұсақтығына, түсіне, дәміне, тасуға жарамдылығына, сақталғыштығына аса мән берген жөн», – дейді қожалық жетекшісі Мирислам Аллахмиранов.

    Сонымен қатар, қожалықта алхоры, шабдалы жемістерінің италияндық және франциялық сорттары да бар екен. «Столовка», «Голден Делишес» және «Ред Делишес» алма сұрыптары   Меркі ауданындағы «Гүлдер» питомнигінен алынған. 

    Бағбан өз бақшасынан жинаған өнімдерін аудан орталығындағы базарлар мен дүкендерге нарық бағасынан арзан өткеретіндігін айтады. Айталық, алманың әр келісі -150 теңгеден сатылуда.  Кәсіпкер көпбалалы отбасыларына мүмкідігінше қол ұшын созып тұрады.  Жыл сайын аз қамтылған және ауыл қарияларына 10-15 тонна алманы тегін таратуды дәстүрге айналдырыпты.

    Сондай-ақ, аталған шаруа қожалығында 2010 жылдан 3 гектар жерге қосымша жүзім өсірілуде. Осы аумаққа 30 түрлі жүзім сорттары отырғызылып, әр гектарынан 15 – 18 тоннаға дейін өнім жиналуда.

    Былтырғы жылы басым отырғызылған «Дамские пальчики» жүзімдігінің әр түбінен 250 кг өнім жинаған шаруа, жүзім бригадасына да қосымша 15 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтыған. 

    Айта кету керек еңбек даласында тынбай тер төккен «Зам – зам» шаруа қожалығының жетекшісі Мирислам Аллахмиранов 2015 жылы «Ерен еңбегі үшін» медальімен марапатталған.

    қатысты посттар

    Шымкент: Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар жазаға тартылады

    Фариза

    Алғы шеп мамандары марапатталды

    Фариза

    Семейде көлік колледжі 90 жылдық мерейтойын атап өтті

    Пікір қалдыру

    16 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.