-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Бердібек Сапарбаев: Вакцинация – қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирустық ахуалдың күрделене түсуіне байланысты өңір тұрғындарына үндеу жолдады.

    Әкімнің айтуынша, облыстағы дертті жұқтырған  науқастардың 99 пайызы екпеден өтпегендер екен.

    Аймақ басшысының үндеуінің мәтіні фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшаларында жаряланды.

    «Өкінішке орай, біздің аймақта эпидемиологиялық жағдай тез нашарлауда, коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Бұл жағдай жамбылдықтардың бетперде киюді доғарып, қашықтықты сақтауды тоқтатуына байланысты өршіп тұр. Кей жерлестеріміз үйлену тойларын, мерейтойларды және басқа да іс-шараларды адамдаркөп жиналатын жерлерде өткізуді жалғастыруда. Шектеу шараларына қарамастан, оқу орындарыныңтүлектеріне салтанатты іс-шаралар ұйымдастыруфактілері жиі орын алуда.

    Вирустың одан әрі таралуын болдырмау үшін бізазаматтарымыздың денсаулығын барыншақорғауымыз керек. Осы мақсатта Жамбыл облысындажаңа шектеу шаралары енгізіледі. Бұл барлық егжей-тегжейлі ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарыарқылы жұртшылыққа жеткізіледі»,-делінген облыс әкімінің үндеуінде. 

    Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев алдағы уақытта ойын-сауық мекемелері, спорт және мәдениет объектілері, базарлар мен қоғамдық көлік қосымша шектеулермен жұмыс істейтіндігін ескерткен.

    «Осы қауіпсіздік шараларының барлығы ең алдымен, Сізді және сіздің  жақындарыңыздың денсаулығын, өмірін сақтауға бағытталған.

    Жергілікті атқарушы органдар Жамбыл облысы бойынша полиция департаментімен бірлесіп, ойын-сауық орындарында, қоғамдық орындарда карантиндік шектеулердің сақталуын бақылауы тиіс. Тәртіп пен табандылықтың арқасында уақытша қиындықтарды жеңетінімізге күмәнім жоқ»,-деді аймақ басшысы.

    Облыс әкімі, азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға, санитарлық талаптарға мұқият қарауға шақырып, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың маңыздылығы туралы тағы да еске салып өтті.

    «Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, жалпыға бірдей вакцинация – бұл қалыпты өмірге оралудың және адамдардың денсаулығын сақтаудың жалғыз жолы»,-деп түйінделген Б. Сапарбаевтың жамбылдықтарға жасаған үндеуі.

    қатысты посттар

    Шымкентте жаңа оқу жылы абай өлеңін оқумен басталды

    Фариза

    Шымкентте 200 отбасына планшет таратылды

    Фариза

    Жамбыл облысы Талас ауданында бірқатар нысандар пайдалануға берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.