-6.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысында ауыл әкімдердің 60 пайыздан астамы жаңарды

    Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда алғаш рет 25-шілде ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілген болатын. 

    Ауыл әкімдерін тікелей сайлау науқанында өңірімізде 38 ауылдық округ бойынша 122 кандидат ұсынылып, оның ішінде 111 үміткер тіркелді. 

    Өткен сайлау нәтижесінде тікелей дауыс беру арқылы 38 ауыл әкімі сайланды, олардың 63,2% жаңадан болғандар. 

    Оның үшеуі әйел әкімдер. Мәселен, Жуалы ауданы Карасаз ауылдық округіне сайланған Жанар Нұрмұратқызы бұған дейін  аталған елдімекендегі әкімдіктің іс-жүргізу және есеп бөлімінің басшысы болып жұмыс істеп, меритократия қағидасы арқылы қызметте жоғарлап, ауыл әкімі болып сайланды.   

    Жалпы әкімдердің орташа жасы – 43 бұған дейінгі көрсеткіш – 54 жас болатын, яғни, ауыл әкімдерінің жаңа буыны 11 жасқа жасарып отыр. Ең жас әкім — Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылына сайланған 28 жастағы Қуандық Ерсайыносыған дейін аудан әкімдігінде персоналды басқару бөлімінің басшысы болып қызмет еткен.

    Барлық партия өкілдеріне, өзін-өзі ұсынғандарға тең жағдай жасалды. Әкім лауазымына тағайындалғандардың 31-і «Nur Otan» партиясынан, «Ауыл», «Адал», «Ақ жол», «Қазақстанның Халықтық партиясы» партияларынан бір кандидаттан жеңіске жетті. Өзін — өзі ұсынғандардың ішінен 3 адам енді ауыл әкімі лауазымында жұмыс істейтін болады. 

    Тағы да айта кетерлігі, жаңа әкімдердің 31%-ның мамандығы экономист, 24% мұғалім, 13% инженер, 11% ауыл шаруашылығы маманы, 5%заңгер, 16% өзге мамандық иелері. 

    Жамбылдықтар Президенттің бұл жаңашыл реформасына толықтай қолдау көрсетіп,  сайлауға белсенді қатысты. Өңірдегі 89 сайлау учаскесінде 94 642 адам, яғни сайлаушылардың 90% қатысты.

    Ауыл тұрғындары әкімдерді сайлауға белсене қатысты. Мәселен, Меркі ауданы Андас батыр ауылдық округінің 101 жастағы тұрғыны Жамбыгүл Ахметова алғашқылардың бірі болып өз дауысын берді. Жаңатұрмыс ауылындағы Ұлы Отан соғысының ардагері 98 жастағы Шалданбай Шаңбаев та өз таңдауын жасаумен қатар, үміткерлерге ақ батасын да берді.

    Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңадан сайланған 38 ауыл әкімдерімен кездесу өткізді. Аймақ басшысы оларды жеңістерімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. 

    – Бұл сайлау сіздер маңызды тарихи сәт, еліміздегі бірінші халық сайлаған сайланған әкімдерсіздер. Әрқайсысыңыз сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде жерлестеріңізді өз бағдарламаларыңызбен таныстырып, елді мекендегі ахуалды жақсартуға уәде бердіңіздер. Енді сөзді іске айналдыратын уақыт келді. Бұл мақсатта халықпен тығыз байланыс орнатып, әр тұрғынның талап-тілегін, арыз-шағымын назарға алу қажет. Тұрмысында мәселе туындаған ауылдықтардың сіздерден басқа базынасын айтып баратын ешкімі жоқ. 

    ​Сонымен қатар, ауылдағы өмір сүру сапасын арттыру, елді мекенді дамыту бағытында жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына күш салыңыздар. Ауылдағы ағайынды әуелі жолдардың сапасы, ауыз судың қолжетімділігі және өзге де инфрақұрылымға қатысты сауалдар мазалайды, осы мәселелерді шешуге жұмыс жасау керек. 

    Сондай-ақ, өз кәсібін ашуға, жеке шаруашылығымен айналысуға, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға және өнімін өңдеу үшін кәсіпорын ашуға ниеті болғанымен ретін таба алмай жүргендер көп. Осы азаматтарға саласына қатысты бағдарламаларды пайдаланудың жолдарын, мүмкіндіктері мен міндеттемелерін, неше грант алу тетіктерін түсіндіруді де естен шығармағайсыздар, – деген аймақ басшысы ең маңыздысы ел арасындағы татулық, ауызбіршілік пен тұрақтылықты сақтауға назар аударуды тапсырды.

    қатысты посттар

    Шымкентте «109» жедел ден қою қызметі іске қосылады

    Фариза

    Таразда «Анаға тағзым» орталығы ашылды

    Фариза

    Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті және ЛА-155/4 мекемесі басшылығы Ұлы отан соғысының тыл еңбеккерін, Ауған соғысының және Тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгерлерін 9 – мамыр Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.