-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Табынбаев қандай жағдайда пандемия тоқтайтынын айтты

    Алматының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қалада қандай жағдайда пандемия басылатынын айтты, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді ғой. Ауруды, әсіресе пандемияны болдырмау — біздің негізгі жұмысымыз. Сондықтан ақпараттық жүйелерді пайдаланып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ең алдымен үйден шыққанда маска тағып, арақашықтықты сақтау, көп адам жиналатын жерге бармау, жөтеліп жүрген адамның жанында тұрмау, тіпті лифтіде де адам көп болса, оны өткізіп жіберіп, адам жоқ кезде кіруге тырысу керек. Пандемияны тоқтататын негізгі себептердің бірі — қалалықтардың 70-80 пайызының вакцина алуы. Сол жағдайда ғана пандемияның қарқынын азайтып, тоқтатуға мүмкіндік аламыз. Сондықтан бәрі бізге байланысты. Вакцина алсақ, дәрігерлердің айтқанын істеп, той-томалаққа бармай жүрсек, коронавирусты тезірек тоқтатамыз деп ойлаймыз. Вирусты тоқтататын басқа күш жоқ. Бәрі өз қолымызда», — деді Табынбаев. 

    Еске салайық, бұған дейін Нариман Табынбаев қалада алдағы екі айда эпидахуал қандай болатынын болжаған еді. Оның сөзінше, негізгі болжамға сәйкес аурудың шарықтау шегі тамыздың бірінші онкүндігіне келеді.  

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Шектеулер мен Ashyq қосымшасы Ата заңға қайшы емес пе? Бекшин жауабы

    Фариза

    Шымкентте коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

    Фариза

    Өз үйінің ауласында той жасаған түркістандық енді заң алдында жауап береді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.