16 C
Алматы
Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыда бизнесмен Алмас Әбдіғаппаров қамалды

    Алматыда танымал кәсіпкер, Parmigiano Group басшысы Алмас Әбдіғаппаров қамауға алынды. Ақпаратты 27 шілдеде таңертең Алматы қалалық соты растады, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпкер екі ай мерзімге қамауға алынған. Оған 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағында көзделген «Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету» бойынша айып тағылған.

    Айта кетейік, 26 шілдеде кешке бизнесменнің жұбайы Ольга Әбдіғаппарова адвокатпен бірге арнайы баспасөз конференциясын ұйымдастырды. Ол күйеуі қамауға алынғанға дейін болған оқиғалардың егжей-тегжейін айтып берді.

    «Бәрі Алмас екеуміз демалысқа ұшқаннан кейін басталды. Ұшақ қонған кезде Алмас Әбдіғаппаров «Ава констракшен» компаниясынан жұмыстан шығарылды. Осыдан кейін менің компаниямда рұқсатсыз жарықты сөндірді… Біз тұрған үйде де, тіпті түнде жарық болмады. Жалпы, өте таңғаларлық жағдайлар болды. Сенбіде түстен кейін (24 шілде) Алмас ұсталды. Біз екеуміз көлікте болғанбыз», — деді әйелі.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    «Кінәлі адамның атын айтып хат қалдырған»: Көкшетауда университет қызметкері асылып қалған күйінде табылды

    Фариза

    Бір арнада «Қалаулым», бір арнада «Өз ойым». Бұл не сұмдық?

    «Азапқа шалдықтырып, ауыртып, ірітіп-шірітіп өлтіре гөр!» — Ахметбек Нұрсила теріс бата берді

    Пікір қалдыру

    six − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.