-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жуалы ауданында сегіз жылыжай ашылады


    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жуалы ауданына барды.

    Аймақ басшысының назарына аудан әкімі Олжас Қаржауов пен жергілікті шаруалар Қарабастау ауылы маңындағы ауылмен аттас бұлақ арнасын кеңейту арқылы суармалы алқап көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаны ұсынды.
    Облыс әкімі бұл мәселенің жан-жақты зерттелетініне сендірді.

    Бұдан соң, Бердібек Сапарбаев жергілікті мектептің жаңа оқу жылына дайындығы барысымен танысты.

    Сондай-ақ, аймақ басшысы аталған ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Тұрғындар медициналық қызметтің жоғары деңгейі мен ауылдағы қылмыстың төмен көрсеткіші туралы тілге тиек етті. ауылдықтардың 70 пайызы вакцинаның толық курсын алып үлгеріпті.

    Шақпақата ауылында жаңа су сорғы кешенінің құрылысы өткен жылдың жазында басталған десек, ол жоспар бойынша 2022 жылы аяқталмақ. Мердігер ұйым жұмысты кестеге сәйкес жүргізуде. Кешен 500 ауланы қамтиды, бұл өз кезегінде су қажеттілігін толық қанағаттандырмақ.

    Келесі кезекте аймақ басшысы Теріс ауылының тұрғындарымен кездесті. Бердібек Сапарбаев оларды вакцина алуға шақырып, ауыл әкімдерін сайлаудың маңыздылығын атап өтті.

    Өзекті жайттарға тоқталған тұрғындар ауылға медициналық пункт пен мәдениет үйін салу мәселесін көтерді.

    Бүгінде Жуалы ауданында жалпы құны 314,5 миллион теңге болатын 85 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ол бойынша 120 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделген.

    Жалпы ауданы 60 гектарды құрайтын сегіз жылыжай ашылады. Жеке кәсіпкерлермен бірнеше маңызды жобаларды жүзеге асуда, олардың қатарында жеті құс фермасы, үш балық фермасы, сүт цехы, көкөніс сақтау қоймалары және тағы басқалары бар, — деді аудан әкімі.
    Облыс әкімі аталған жобалардың бірі – Ақсай ауылдық округіндегі Ілияс Жұмановтың балық фермасының жүзеге асу барысымен танысты.

    Сондай-ақ, аймақ басшысы шағын шаруа қожалықтарын агрохолдингке біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
    Қарасаз ауылындағы «Төре» шаруа қожалығының басшысы Мырзайым Тойшыбеков қырыққабат, сәбіз және көпжылдық шөп өсірумен айналысып отырғанын жеткізді.
    Б.Момышұлы ауылындағы «Нысанов» жеке кәсіпкерлігі цех құрылысы мен жабдықтар сатып алуға екі миллион теңге жұмсапты. Цехта күніне екі мың литрге дейін сүт өңделіп, ірімшік, май және сүзбе шығарылады.

    Облыс әкімі Дихан ауылындағы 180 оқушыға арналған мектеп құрылысының жай-күйін тексеріп, бірқатар ескертулер жасады.

    Жұмыс сапары барысында Бердібек Сапарбаевқа суармалы су жүйелерін жөндеу шаралары туралы баяндалды. Қазіргі таңда аудан қарасты сегіз ауылдық округтегі 11 каналды тазарту жұмыстары жүргізілуде.

    Ауыл әкімдерін сайлауға дайындық мәселелері де назарға алынды.

    «Сайлауға қатысушылардың әрқайсысының заңнама талаптарын қатаң сақтауын бақылау қажет», — деді ол.
    Бердібек Сапарбаевқа сумен қамуға қатысты жоба таныстырылды, оны іске асыруға шекара қызметі мен «Казсушар» РМК қатыспақ.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысы әкімінің Мойынқұм ауданына жұмыс сапары

    Шымкент: Еңбекші ауданында биыл 64 аула абаттандырылады

    Фариза

    Қызылорда: 109 бірыңғай байланыс орталығына 64341 өтініш түскен

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.