-13.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылдағы пилоттық жоба аясында АӘК алушылар азайған

    Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған пилоттық жоба сәтті жүзеге асуда деуге толық негіз бар. Жобаның бес бағыты бойынша 8,4 миллиард теңге несиетаратылып, тиісті қаржы толық игерілді. Бұл қаражаттың 7,2 миллиард теңгесі респуликалық бюджеттен «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы арқылы 2,5 пайыз жеңілдікпен 2489 адамға таратылды. Облыстық бюджеттен«Тараз» МҚҰ» ЖШС арқылы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің айналым қаржылары мен ауылшаруашылығы техникаларына 1,2 миллиард теңгенесие 5 пайыздық жеңілдікпен берілді.

    Бұл жобаға облысымыздың 10 ауданынан 11 ауылдық округке қарасты 25 елді мекен қатысты. Яғни, жобаға 2478 тұрғын қатысып, аталған округтерде 11 ауыл шаруашылығы кооперативі ашылды.

    Бес бағыт бойынша таратып айтар болсақ, «Үйіргесіндегі жерді тиімді пайдалану бағытында» 51100 тұрғыны бар 8337 ауланың 7856 ауласы жобаға қатысты. Ал мал шаруашылығын дамыту бағытында несиелендірілген 2454 азамат 45032 бас төрт түлікті сатып алып, жобаға өз үлестерін қосты. Ауылсыртындағы жер телімдерін тиімді пайдаланубағытында құрылған 11 ауыл шаруашылығы кооперативі 10113 гектар алқапты 228 шаруа қожалығымен бірлесе игеруде. Жоғарыда айтқанымыздай жаңа құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтері 190 дана ауыл шаруашылығы техникасын лизинг жүйесімен алып жұмыс істеуде. Ауыл тұрғындарының жеке кәсібін ашу бағытында бүгінге дейін 11 жоба (кәсіп) іске асырылған.

    Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановтың айтуынша, бірінші бағыт бойынша үй іргесіндегі 932 гектар жер теліміне жеміс-жидек, көкөніс және бақша өнімдері егілген. Оған қажетті тұқымды алуға ауыл шаруашылығы кооперативтерінің айналым қаражатына 125, 9 миллион теңге несие берілген болатын.

    «Бұл қаражатқа 472 тонна тұқым, 220 тонна минералдық тыңайтқыш, 64,7 мың литр жанар-жағармай мен 924 литр химиялық қорғау заттары алынып, пайдаланылды. Осылайша үй іргесіндегі жертелімінен өткен жылы 978,7 миллион теңгені құрайтын11,5 мың тонна өнім жиналған. Үй іргесіндегі жертелімдерін игеру 2019 жылмен салыстырғанда 2503 аулаға, яғни бүгінде 329 гектарға артып, өсім – 155 пайызды құраған. Осылайша үй іргесіндегі жер теліміөткен жылдармен салыстырғанда 10 гектарға ұлғайып отыр.

    Бұдан бөлек, жалпы көлемі 2 гектар алқапты құрайтын 14 жылыжай салуға 119,2 миллион теңгенесие берілген еді. Бүгінгі таңда бірінші айналымнан150 тонна өнім жиналса, екінші айналымда ол жылы жайлардан 300-350 тонна өнім жинау жоспарлануда»,-дейді басқарма басшысы.

    Бұл обадағы бір атап өтерлік тың жаңалық, ол ауыл сыртындағы игерілмей жатқан ұсақ шаруаларды кооперативке мүшелікке тартып, бірлесе игеру болатын. Бұл шаруа жоба аясында өз мақсатына жетті. Өткен жылы кооперативтер ауыл сыртындағы егістік алқаптарды 228 шаруа қожалықпен бірлесе игеріп, 1 миллиард теңгенің, яғни 20,7 мың тоннаға жуық мал азығын дайындаған еді. Сөйтіп алдыңғы жылменсалыстырғанда өнім 4500 тоннаға көбейген. Жиналған жем-шөп нарық бағасынан 50 пайыз төмен бағамен кооператив мүшелеріне таратылды. Бұл үрдіс биыл да өз жалғасын тауып отыр.

    Қандай да бір шаруаны жүргізу үшін техника қажет. Әсіресе бұл жаңа құрылған ауыл шаруашылығыкооперативтері үшін үлкен қолдау. Олар ауылшаруашылығы техникасын лизинг жүйесімен сатыпалды. Қазіргі таңда, құрылған кооперативтерде 53 адам тұрақты жұмыс істеуде. Олардың 1509 мүшесі бар.

    Жоба аясында өзінің жеке кәсібін ашуға 56,2 миллион теңге қаражаты берілген. Жалпы бүгінгі таңғадейін 135 тоннадан астам өнім өндіріліп (нан, шұжық, шырын, ара, балық, кондитерлік өнімдер), 27 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

    Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқарма басшысы Қайрат Аманов жоба аясында 2282 адам өзін-өзі жұмыспен қамтып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігін баса айтып өтті. Осылайша жұмыстаппай жүрген жұмыссыздар өз-өздерін жұмыспенқамтыған. Жалпы жобаға енген округтердегі жекекәсіпкерлер саны бүгінгі таңда 3248-ге жеткен. Бұдан бөлек, 589 жұмыс орны ашылған. Жоба басталғанға дейін ол округтерде 1615 адам атаулы әлеуметтік көмек алып келсе, бүгінде олардың саны 1058-ге қысқарып, 65 пайызға кеміген. Жұмыссыздар саны 528 адамнан 334-ке дейін азайған. Ал жобаға қатысушылардың орташа табыс көлемі 73 мың теңгені құраған. 

    қатысты посттар

    Шымкентте карантиндік шектеулер 12 қазанға дейін ұзартылады

    Фариза

    Қала әкімі Радиациялық медицина және экология ҒЗИ ұжымына жаңа басшыны таныстырды

    ШЫМКЕНТ: Абай ауданындағы қоқыс алаңшаларын дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.