-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Таразда күзде «Анаға тағзым» орталығы ашылады

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек СапарбаевТараз қаласын кезекті рет аралап, құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

    Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтың жанындабизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Анағатағзым» орталығы бой көтеруде. Үш қабаттығимараттың құрылысын «Елім – Строй» ЖШС жүргізуде. Мердігер компания нысанды осы жылдыңкүзінде тапсыруды жоспарлап отыр. 

    Мұнда нәзік жандыларға арналып түрлі курстарұйымдастырылып, оларға құқықтық жәнепсихологиялық көмектер көрсетілетін болады. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер үшін тренингтер, қолөнер бөлмелері жұмыс істейтін болады. Ғимараттың алдында аналардың құрметіне арналып ескерткіш орнатылмақ. Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов ескерткіш жергілікті мүсіншілердің қолынан шыққанын атап өтті.

    Облыс әкімі нысанның ішкі безендіру жұмыстарын ұлттық нақышта жүргізуді тапсырды.

    Тараз қаласының мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының орнындажақында оқушылар сарайы ашылмақ. Қазір 600 орындық тағы бір корпустың құрылысы жүруде. Оның құрылысымен «Тараз құрылыс инвест» ЖШС айналысуда. Жаңа ғимараттың жалпы ауданы 9,3 мың шаршы метрді құрайды.

    Ал, орталықтың ескі ғимаратының өзі жөндеуден өтеді. Жұмыс істеп тұрған үйірмелерден бөлек, кемелерді модельдеу, ұшақ модельдеу, робототехника, IT орталығы, планетарий, обсерватория үйірмелері ашылады.

    Бердібек Сапарбаев құрылыс жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанына назар аударып, құрылыс басқармасына бақылауды тапсырды. 

    № 2 орта мектептің апатты ғимараты бұзылып, оның орнына жаңа ғимарат салынуда. Мердігер мекеме – «Талас Құрылыс» ЖШС. Өңір басшысы мектептің жаңа оқу жылына дейін тапсырылуы тиіс екенін атап өтті. 

    Бердібек Сапарбаев ат басын бұрған келесі нысан №22 орта мектепте де 600 оқушыға арналған жаңа корпустың құрылысы бой көтеруде.

    Мектеп директоры Шолпан Диханбаева құрылыс аяқталғаннан кейін қазақ тілді сыныптар санын арттыруды жоспарлап отыр.

    Сол секілді Шалғай Қарасу массивінде 600 оқушыға арналған жаңа мектеп салынуда. Мердігер – «ТемірСтройСервис» ЖШС бекітілген кестеден кешігуде. Бердібек Сапарбаев құрылысшылар жұмысты тезірек аяқтау үшін бар күш-жігерін салуы керектігін баса айтты. Өңір басшысы авторлық және техникалық қадағалауға да көңіл бөлді.

    Облыс әкімі мектеп аумағын абаттандыруға ерекше назар аударуды және дәліздерді мотивациялық және танымдық суреттермен безендіруді талап етті.

    қатысты посттар

    Шымкент: Мемлекеттік қолдаудың арқасында мал басы артып келеді

    Фариза

    ТАРАЗ ЖАСӨСПІРІМДЕРІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

    Фариза

    Шымкентте 1000-нан астам отбасы баспаналы болады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.