-14.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда мемлекеттік бағдарлама аясында 220-дан астам жобаға шағын несие берілген

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен бейнеконференц-байланыс режимінде өткен кезекті аппараттық кеңесте ұлттық халық санағын ұйымдастыру және өткізу, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының орындалу барысына бірқатар қатысты мәселелер қаралды.

    Статистика департаментінің басшысы Сырым Мәдиевтің айтуынша, халық санағының дайындық кезеңі 1-30 маусым аралығында өткен. Интервьюерлер тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың мекенжайларын, сондай-ақ оларда тұратын халықтың нақты санын анықтау үшін әрбір елді мекен бойынша аралаулар жүргізген. Алдын ала мәліметтер бойынша, облыс халқының саны 1120293 адамды құраған.

    1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында тұрғындар санаққа қатысты барлық сұрақтарға sanaq.gov.kz мамандандырылған веб-сайты арқылы онлайн режимінде жауап ала алады.

    Дәстүрлі жаппай аралау 1-30 қазан аралығына жоспарланған және онлайн-режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында жүрмек.

    Аймақ басшысы аталған үш аудан әкімдеріне бұл мәселені шешуді тапсырды.

    — Барлық елді мекендердің тізбесін өзектендіру қажет, оның ішінде қаланың саяжай алқаптарына, шалғай ауылдарға және шекара маңында орналасқан ауылдарға айрықша назар аударған жөн. Алдағы халық санағының әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Халық санағы барысында алынған деректер әрбір тұрғынды мемлекеттік қолдаумен қамтуға мүмкіндік береді, — деді облыс әкімі.

    Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және халық санағы туралы толық ақпаратты әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жүйелі түрде жариялап отыруды тапсырды.

    Басқосудың күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсел Шаймерденова баяндама жасады.

    Оның айтуынша, 2021 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын облыс бойынша жүзеге асыруға 18,7 млрд. теңге қарастырылған.

    — Жалпы сомасы 9,5 млрд. теңгеге 29 инфрақұрылымдық жоба іріктелді (9 жоба – әлеуметтік-мәдени, 20 жоба – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары). Бүгінгі таңда 22 нысанда құрылыс жұмыстары басталған. Барлығы 704 уақытша, 487 тұрақты жұмыс орны құрылады, — деді ол.

    Бағдарламаның екінші бағыты бойынша жеңілдетілген шағын несие беру қарастырылған. Бүгінге дейін 1,8 млрд. теңге көлемінде 227 жоба қаржыландырылған десек, нәтижесінде 295 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

    Агроөнеркәсіптік кешен саласында 7,4 млрд. теңгеге екі жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

    — Ауыл шаруашылығы басқармасы мүмкіндіктерді тиісті деңгейде пайдаланып отыр дей алмаймын. Неліктен сүт, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін шығаратын қайта өңдеу кәсіпорындарын іске қосу бойынша жобалар ұсынбайсыздар? Бұл мәселе әлі күнге өзекті күйінде қалып отыр, онымен жан-жақты айналысу керек, — деп тапсырды облыс әкімі.

    Ә. Шаймерденова жеті нысан бойынша жұмыстар әлі күнге басталмағанын ашып айтты. Тараз, Қордай, Меркі, Жамбыл, Т.Рысқұлов аудандары белгіленген мерзімнен артта қалып отыр.

    Сөз соңында Бердібек Сапарбаев мемлекеттік бағдарлама халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретінін, оны ұтымды пайдалану керектігін атап өтті.

    қатысты посттар

    Қызылордада 11305 адам өзінің биометриялық мәліметін тіркеді

    Фариза

    Қызылорда: Облыс әкімі Жалағаш ауданындағы жаңа әлеуметтік нысандарды ашты

    Фариза

    Қазақстандықтар WordSkills Kazan 2019 чемпионатының күміс және қола жүлдесін иеленді

    Пікір қалдыру

    eighteen − 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.