11 C
Алматы
Вторник, 5 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Маңғыстауда малы қырылған шаруалар үкіметке талап қойды

    Маңғыстауда малы қырылған шаруалар өңірге премьер-министрдің келуін талап етті. Себебі, төрт түлігінен айырылып жатқан ағайынға еріктілерден өзге көмектесіп жатқан ешкім жоқ, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.  

    Тілшілерге «Шопан ата» қауымдастығының өкілдері батыста мал қырылмағанына дәлел ретінде суреттер жіберген.

    «Ауылдағы әкімшіліктер ол өтірік ақпарат беріп отырған. Маңғыстау облысында болып қайттық қой. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы міз бақпайды. Өлгені 500-1500 деп. Оның құлағында сырға жоқ деп. Шулап жатқан ел, ақсақалдың қарғысы. Оның бәрін көріп тұрған жоқ ол», — дейді «Шопан ата» ұлттық қой өсіру қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев.

    Шаруалар тілшілерге биыл Маңғыстауда дені дұрыс сақман да өтпегенін хабарлады. Себебі, жұт болып, ал, үкіметтен бөлінген азғантай қаржының өзі шаруаның қолына дұрыс жетпейді екен.

    «Министерство счетынан қойшының қалтасына түсетін жалғыз банктік операциямен. Транспортникке берейік, агроға берейік. Талан-таражға салуға болмайды. Онда малшыға ешқандай пайда жоқ», — дейді шаруа қожалығының иесі Ибрагим Баймағамбетов.

    Ал Нұр-Сұлтаннан барған Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері нақты ешнәрсені шешпеген. Іс жүзінде малшыларға еріктілерден өзге көмектесіп жатқан ешкім жоқ екен. 

    «Үкіметтің тарапынан, мемлекеттің тарапынан енді-енді қозғалыстар болып жатқан шығар. Бірақ нақты мына нәрсе болып жатыр, мына нәрсені жіберіп халықтың қолына беріп жатыр деп айта алмаймын», — дейді қоғам белсендісі Балнұр Оспанғалиқызы. 

    Осыдан кейін тілші Сарыағаш ауданының еріктілері қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Сюжетте осыған дейін Түркістан облысының азаматтары 10 вагон мал азығын батысқа жібергені айтылады. Енді қосымша 40 вагон жолға шықпақ.https://www.instagram.com/tv/CRiZXslpRWw/embed/captioned/?cr=1&v=13&wp=540&rd=https%3A%2F%2Ftengrinews.kz&rp=%2Fkazakhstan_news%2Fmangyistauda-malyi-kyiryilgan-sharualar-ukmetke-talap-koydyi-443602%2F#%7B%22ci%22%3A0%2C%22os%22%3A9404%2C%22ls%22%3A9215.5%2C%22le%22%3A9322%7D

    Енді қуаңшылықтан малы қырылған маңғыстаулықтар өңірге премьер-министр келуін талап етеді. Шаруалардың соңғы үміті Асқар Маминде.

    Айта кетейік, биылғы қуаңшылықтан Маңғыстау облысында үй жануарлары қырылған. Өңір тұрғындары малға картон қағазын беруге мәжбүр. «Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, шілдеде Қазақстанның 4 өңірінде қуаңшылық болады. Кейін Түркістан облысының тұрғыны Құрмет Талапқазы мал аштан қырылып жатқан өңірлерге шөп жеткізу жұмыстарын ұйымдастырып, елдің алғысына бөленді.

    Фото: из открытых источников

    қатысты посттар

    «Халықты неге алдап отыр? Қытайдан вирус кіргізіп халықты қырайын деп отыр ма?»

    Екі апта жансақтау бөлімінде жатқан тараздық тұрғындарды екпе алуға шақырды

    Фариза

    “Бірнеше жылда билік толықтай Тоқаевтың қолына өтеді»

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.