-6.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Карантин Коронавирус Қоғам

    Құрбандық шалатын жерлерде жұрттың жаппай жиналуын болдырмау керек — Президент

    Президент Құрбан айт мерекесінде құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмау керегін айтты, — деп хабарлайды  Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Ертең бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Елде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Сондықтан біз жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмауымыз керек.

    Жағдайды одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін. Үкімет пен әкімдер осы мәселені ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет.

    Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруы тиіс», — деді Тоқаев. 

    Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысының қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр. Бұған дейін Президент елде эпидахуал нашарлап бара жатқанын айтқан болатын.

    Еске салайық, биыл Құрбан айт мерекесі 20-22 шілде аралығында өтеді. Осыған байланысты қазақстандықтар Құрбан айттың бірінші күні — 20 шілдеде демалады.

    Биыл құрбан шалу рәсімі екі жолмен іске асырылады:

    Біріншіден: Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орындары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді сақтай отырып «сары» және «жасыл» аймақтарда офлайн форматта өткізіледі.

    Екіншіден: «Қызыл» аймақтағы жерлерде пандемия жағдайында құрбан шалушыға қолайлы жағдай жасау және көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында өткен жылдағы тәжірибені қолданып, qurban2021.kz сайта арқылы тек онлайн режимде жүзеге асатын болады.

    Құрбан айттағы тыйымдар туралы толығырақ мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

    Онлайн және офлайн құрбан шалу деген не? Құрбан айттағы тыйымдар 

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Алматы тұрғындары аудан әкімдеріне тікелей эфирде сұрақ қоя алады

    Әбдіғаппар Сманов қайтыс болды

    Фариза

    Коронавирус өршіп тұрған қаладан 94 қазақстандық студент елге оралмақ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.