-6.1 C
Алматы
Суббота, 28 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда жыл соңына дейін 82 мың га ауылшаруашылық жерлері мемлекетке қайтарылады

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында пайдаланусыз жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік қорға қайтару бойынша жұмысшы топтары құрылған болатын. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте арнайы топ жұмысының аралық қорытындылары сараланды.

    Жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердіңпайдалану тиімділігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін, әрбір ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылығы жерлерінің картасы әзірленгенін, жер заңнамасының нормалары бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындалғанын жеткізді.

    — Облыс бойынша жайылымдық жерлердің жалпы ауданы 8,1 миллион гектарды құрайды. Бұл өңірде тіркелген 860,2 мың бас шартты мал басына шаққанда 9 гектардан айналады. Егер қолда бар жайылымдық жерлер қорынтиімді  пайдалана білсек, онда жайылым тапшылығын шешуге толық негіз бар, — деді Б.Көпбосынов.

    Жайылым тапшылығынан көптеген ауылдықтар елді мекендердегі жеке қосалқы шаруашылықтарында малдарды ұстауға қатысты ветеринариялық талаптарды сақтамай отырғанын алға тартты.

    — Осы мәселені шешу үшін аудан әкімдеріне бес негізгі бағыт бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Біріншіден, елді мекендерден тыс босалқы жер қорындағы жайылымдардыауылдық округтерге бекітіп беру қажет. Алты айдың қорытындысына сәйкес ауылдық округтерге 17,6 мың гектар жайылым жер берілген десек, бұл көрсеткіш бойынша Жамбыл облысы еліміздегі өңірлер арасындакөш бастап тұр, — деді Б.Көпбосынов.

    Келесі бағыт бойынша, елді мекен айналасындағы мал аяғы жететін 5 шақырымдық аралықтағы жайылымдарды мемлекетке қайтару бойынша шешім қабылданған. Бұл мәселені шешуге қатысты жұмыстар Жамбыл, Жуалы, Меркі аударында ғана ойдағыдай орындалуда.

    Үшіншіден, орман қоры жерлеріне тиесілі жайылымдарды пайдалану мәселелері қарастырылуда.

    Төртінші бағытқа сәйкес, жер пайдаланушылармен меморандумға қол қойылып, олар иелігіндегі жерлерге мал жаюға кедергі келтірмеуге міндеттелуде. Бүгінге дейін, 486,5 мың гектардан астам ауыл шаруашылық алқаптарын пайдалануға келісім жасалып үлгерді, жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда 100 ауылдық округтің жер пайдаланушыларымен осындай меморандумға қол қойылған.

    — Мұндай меморандум алғаш болып біздің облыста қолға алынып отыр. Бұл өзге де өңірлерге үлгі ретінде таралатынына сенімдімін,-деді басқарма басшысы. 

    Бесіншіден, пайдаланусыз жатқан ауылшаруашылық жерлерін айналымға енгізу керек.

    Бұдан соң, жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Тамабек Әбілхайыр баяндама жасады. Ол зерделеу жұмыстарының қорытындысыменоблыс аумағында 252 277 гектар жайылым жер пайдалынусыз жатқаны анықталғанын хабарлады. Әсіресе, бұл орайда Мойынқұм, Сарысу, Қордай аудандарындағы көрсеткіш көңіл көншітпейді.

    Зерделеу барысында түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 269 891 гектар жайылымға мал басы тіркелген. Аумағы 6 124 гектар болатын 120 жер учаскесі иесіз мүлік ретінде есепке алынып, 11 630 гектаржайылымдық жерді пайдаланушылар өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарды.

    А.Тамабек облыс әкімінің тапсырмасына орай жыл соңына дейін пайдаланусыз жатқан 82 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспар бекітіліп, жұмыстар жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті. Жартыжылдық қорытындысы бойынша жоспар 68 пайызға орындалған.

    — Егістік жер мәселесіне келсек, облыстың жер қорындағы егістік алқап 832 949 гектарды құрайды, оның ішінде 204 003 гектар суармалы жер. Бүгінде 19 346 гектар егістік алқапмақсатты пайдаланылмай отыр, — деді А.Тамабек.

    Баяндамашылар, аудандар барлық индикаторларды жүйелі түрде орындайтын болса, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігіне қатысты мәселе толығымен шешілетініне күмән келтірмейтінін жеткізді.

    Бердібек Сапарбаев бейнеконференция режимінде қатысқан аудан басшыларынажоғарыда аталған бес бағыт бойынша нақты шаралар қабылдау, барлық кемшіліктерді жою туралы тапсырмалар жүктеді.

    — Жамбыл облысы алғашқылардың бірі болып жер ресурстарын зерделеу бойынша нақты жұмыстарды қолға алды. Енді оны нәтижелі түрде аяғына дейін жеткізуге міндеттіміз. Жер айналымда болуы керек, оны ұтымды ұқсата білсек, қайтарымы да орасан мол болады. Егістік алқаптарын кеңейтіп, жайылым ресурстарын жергілікті деңгейде пайдалану қажет. Біздің облыста жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, мал басын арттыру, ауқымды жем-шөп базасын құру мәселелерін шешу үшін барлық мүмкіндіктер жетеді. Тек сол мүмкіндікті дұрыс пайдалануға тиіспіз, — деді облыс әкімі.

    Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша ауылдық округ әкімдері ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы тұрақты түрде есеп беріп отыратын болды. Сондай-ақ, аудан әкімдері жауапты басқармалармен бірге ауыл шаруашылығы жерлерінің картасын толықтыру бойынша жұмыс жүргізеді.

    Жиын соңында Бердібек Сапарбаев мал азығын дайындау қарқынын арттыра түсу керектігін баса айтты.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛУДА

    Фариза

    Жемісті кәсіп — ел берекесі!

    Қызылордада мониторингтік топ үздіксіз бақылау жүргізуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.