-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Биыл құрбан айт қалай ұйымдастырылмақ?

    Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында алдағы Айт кезінде құрбандық шалу рәсімі қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, Құрбан айт мерекесі былтырғы форматта, яғни онлайн режимде өтеді. «Былтыр біз алғаш рет құрбан айтты онлайн режимде өткіздік. Өткен жылдың тәжірибесі садақаның да, құрбан шалудың да болғанын көрсетті. Онлайн режимінде өткізуге болады. Qurban-2021 сайты арқылы садақа, сондай-ақ «құрбан шалуды» ұйымдастыруға қаражат түседі. Құрбандыққа шалынған мал Алматы облысының Қарасай ауданындағы арнайы орында сойылады», – деді ол. «Былтыр бәрі ұйымдасқан түрде өтті. Дін істері басқармасы, Алматы мүфтиімен бірлесіп, былтырғы тәжірибені талқылаймыз», — деді қаланың бас санитар дәрігері. Айта кетейік, 2021 жылы Құрбан айт 20-22 шілде аралығында өтеді. Құрбан айт Ораза айттан 70 күннен кейін басталып, 3 күнге созылады.

    Фото: Хабар24


    қатысты посттар

    Қызылордада стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылды

    Фариза

    Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бекітілді — министр

    Фариза

    Қызылордада коронавирус жұқтырған 100 медицина қызметкері шипажайда демалады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.